Haileybury Астана үшін IB DP емтиханының нәтижелері

Haileybury Астана үшін IB DP емтиханының нәтижелері

Haileybury Astana мектебінің Халықаралық Бакалавриат Диплом бағдарламасы бөлімінің түлектерін шын жүректен құттықтаймыз! Биылғы Халықаралық Бакалавриат емтиханының  қорытындысы бойынша мектебіміздің  түлектері керемет  нәтижелерге қол жеткізді.

Бүгінгі  таңдағы мектебіміздің Халықаралық Бакалавриат бөлімінің түлектері дүние жүзі бойынша  159 мемлекеттегі білім алып жатқан  2.4 миллионнан астам шәкірттер қоғамдастығының мүшесі болып табылады. 2023 жылдың мамыр айындағы көрсеткіштер бойынша  жаһандық Халықаралық Бакалавриат диплом  бағдарламасының жалпы  ұпайы 30.24 болып тұр.

Халықаралық Бакалавриат емтиханының орташа ұпайы 36-ға тең, бұл оқушылардың орташа әлемдік орташа ұпайынан жоғары, біздің шәкірттеріміз шамамен % - ы 40 немесе одан жоғары ұпай жинады. Бұл көрсеткіштер биылғы мектеп бітіруші сынып оқушыларының ерекше жетістіктікке қол жеткізгендерін  көрсетеді. Оған қоса, мектебіміздің бітіруші түлектерінің 45% пайызының екітілді дәрежелі диплом иегерлері атанғанын зор мақтанышпен айта аламыз.

Екітілді диплом  Халықаралық  Бакалавриат  Диплом  бағдарламасы бойынша Тіл және әдебиет курсында таңдаған екі тілді жетік  меңгерген үміткерлерге беріледі. Екітілді диплом бұл зор жауапкершілік пен күрделі міндетті мүлтіксіз атқарғандарға ғана ұсынылатын диплом, сондықтан  осындай ерекшелікке қол жеткізетін мектептер саны саусақпен санарлық қана  деп айтуға болады.

Мұндай жетістік  ерекше назар аударуға, ауыз толтырып айтуға болатын көрсеткіш деп нық сеніммен айта аламыз, өйткені ол екі тілде Халықаралық Бакалавриат диплом бағдарламасының талаптарын орындау міндетін жүктейді. Халықаралық Бакалавриат дипломдық бағдарламасы бүкіл әлемдегі беделді университеттерге есік ашатын күрделі, бірақ пайдалы академиялық бағдарламаны ұсынады.

Мектебіміздің қоғамдастығы биылғы мектеп бітіруші түлектеріміздің осындай керемет жетістіктерін мақтан тұтады!Оқушыларымыз бен ата-аналарымыздың атынан біз Haileybury Astana мектебінің Халықаралық Бакалавриат диплом бағдарламасы бөліміне сабақ берген барлық  мұғалімдерге, Халықаралық Бакалавриат бөлімінің үйлестірушісіне және университет кеңесшілеріне  ХБ диплом бағдарламасының  барлық кезеңінде тұрақты көрсеткен  қолдаулары үшін шын жүректен алғыс білдіреміз. 

Жаңалықтар
29.04.2024
fvfv
vfvfv
26.04.2024
Haileybury Astana-да балабақшаның жаңа сыныбы ашылады: кішкентай оқушыларға қош келдіңіз!
2024 жылдың тамызында басталатын балабақшаның жаңа қосымша сыныбына қабылдау ашық деп жарияланады!
24.04.2024
Анна Нидерландыдағы жетекші университеттерге биология бакалаврына қабылданды
Академиялық шеберліктің әсерлі көрінісінде Анна Биология бакалавры дәрежесін алу үшін Нидерландының бірнеше беделді университеттеріне қабылданды.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат