Haileybury Astana мен Haileybury Almaty мектептерінің алғашқы бірлескен арт-жобасы.

Covid-19 пандемиясы кезінде Haileybury Astana мен Haileybury Almaty мектептерінің Өнер бөлімдері бірігіп, өнер арқылы қоғамдастықтарымызға үміт пен қуаныш сыйлайды.

Inktober 2020 жақындап келеді және біз сіздердің қатысуларыңызды сұраймыз!
Сонымен ... Мен Inktober 2020-ға қалай қатыса аламын?

Биылғы Inktober іс-шарасына қатысу үшін сіздер:
1. Постердегі нұсқаулықтарға сәйкес күн сайын сиямен сурет салып отырасыз. (Назар аударыңыз, барлығы 31 нұсқаулық бар, яғни қазан айының әр күніне бір нұсқаулықтан).

2. Күнделікті салған суретіңізді суретке түсіріп, Instagram-ға жүктейсіз.

3. Біздің Haileybury @haileyburyastana_art қауымдастығымызды белгілеп, келесі хэштегтерді қоясыз:
#haileyburyartunited
#artathaileybury
#haileyburyastana
#inktober2020

4. Жоғарыда айтылғандарды қазан айы бойы істеп шығуыңыз керек.
Haileybury Astana және Haileybury Almaty Өнер департаменттері жыл соңында виртуалды Inktober көрмесін өткізеді. Осы керемет өнер мерекесіне қатысты қосымша ақпаратты жылдың соңына қарай хабарлаймыз.

Ал әзірге: қалам, қағаз тауып, сурет салуға дайын болыңыз!

Жаңалықтар
03.10.2023
Haileybury Astana мектебінде білім алуға берілетін шәкіртақы туралы
Haileybury Astana мектебінде 2024-2026 оқу жылында Халықаралық бакалавриат бағдарламасы бойынша білім алуға арналған толық және жартылай шәкіртақысына ие болу үшін тіркеу ашылды (12-13 сыныптар).
26.09.2023
Astana Physics Battles Haileybury Astanaда
Haileybury Astana еліміздің түкпір-түкпірінен келген физик-энтузиастарды Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы Astana Physics Battles турниріне шақырады! 4-5 адамнан тұратын командалар физикадан олимпиадалық есептерді шешу, презентациялау және қарсыластардың жасаған қателерін табу қабілеттерін сынайтын болады.
21.09.2023
Ұлттық пікірсайыс байқауына тіркелу
Астана оқушыларын 14 қазан күні Haileybury Astana мектебінде өтетін алғашқы ұлттық дебат байқауына қатысуға шақырамыз. Дебат әлемдік стандарттарға сай өтеді. Ал үздік команда Haileybury Almaty мектебінде бір уақытта өтетін дебат жеңімпаздарымен ойнайтын болады.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат