Бастауыш мектеппен қоштасу

Бастауыш мектеппен қоштасу

Алтыншы сыныптың соңында, біздің оқушыларымыз бастауыш мектепті бітіріп, өмірінің жаңа кезеңіне өтеді. Осыған орай, біз оқушылардың бастауыш мектептегі жеткен жетістіктерін атап өтеміз.

Бітіру кеші мектеп жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады. Біз 6-сынып оқушыларының Бастауыш мектепті бітіруін ғана емес, сонымен қатар олардың орта мектепке өткен күндерін де атап өтеміз.

Біз мектеп ата-аналарын осы керемет іс-шараның куәсі болуға шақырдық. Балаңыздың жетістіктерін көру әрқашан да қуанышты әрі мақтануға тұрарлық іс, бұған қоса оқушыларымыздың ата-аналарыа қуаныш сыйлап, жүздеріне күлкі үйіре алғанымызға шексіз қуаныштымыз. Іс-шараға қатысқан қонақтардың барлығына алғыс айта отырып, бүгінгі қуанышты мерекелік процесс арқылы жандарын жадыратар қуанышты эмоция сыйлай алдық деп үміттенеміз.

Алдымен оқушыларымыз жүріп өтетін дәлізге қызыл кілем төседік, ал 6-сынып оқушылары мектепке соңғы рет бастауыш сынып оқушылары ретінде кіріп, қызыл кілем үстімен жүріп өтті. Содан кейін біз сертификаттар табыстау және марапаттау рәсімін өткізіп, шәкірттеріміздің аянбай жұмсаған күш-жігерлері мен қол жеткізген жетістіктері үшін лайықты марапаттарын ұсындық. Іс-шара соңында біз оқушыларымызға арналған дискотека және ойындар сияқты қызықты іс-шараларды өткіздік.

Осы іс-шараны ұйымдастыруға және өткізуге осындай керемет қолдау мен көмек көрсеткені үшін барлық қызметкерлерге және біздің бас шәкіртімізге рақмет. Біз бастауыш сыныппен қош айтысқан барлық түлектерімізге жақсылық тілейміз және олармен келесі жылы орта мектепте кездесуді асыға күтетін боламыз!

Жаңалықтар
26.09.2023
Astana Physics Battles Haileybury Astanaда
Haileybury Astana еліміздің түкпір-түкпірінен келген физик-энтузиастарды Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы Astana Physics Battles турниріне шақырады! 4-5 адамнан тұратын командалар физикадан олимпиадалық есептерді шешу, презентациялау және қарсыластардың жасаған қателерін табу қабілеттерін сынайтын болады.
21.09.2023
Ұлттық пікірсайыс байқауына тіркелу
Астана оқушыларын 14 қазан күні Haileybury Astana мектебінде өтетін алғашқы ұлттық дебат байқауына қатысуға шақырамыз. Дебат әлемдік стандарттарға сай өтеді. Ал үздік команда Haileybury Almaty мектебінде бір уақытта өтетін дебат жеңімпаздарымен ойнайтын болады.
19.09.2023
Haileybury күні
16-шы қыркүйек күні жыл сайынғы Haileybury Day қайырымдылық іс-шарасы өткен болатын. Мектептің барлық мүшесі іс-шараға белсенді түрде қатысты. Бастауыш және жоғары мектеп мұғалімдері оқушылар мен іс-шара қонақтары үшін ойындар өткізді.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат