Қазақстаннан шыққан және Haileybury Astana оқушысы Томирис Абылқайырова әлемдік ғылыми байқау — Breakthrough Junior Challenge конкурсының Top-30 жартылай финалистерінің қатарына енген алғашқы қазақстандық қыз атанды. Бұл байқауға жыл сайын ондаған мың қатысушы ғылыми-ағартушылық видеолар жібереді.
Томирис өз видеосын әр қазаққа жақын тақырыпқа — қымызға арнады. Екі минут ішінде ол шетелдік көрермендерге қымыздың пайдасын, оның бірегей биологиялық қасиеттерін және мәдени маңызын қарапайым тілмен түсіндіреді.
Оның жұмысы — қазақ ғылымы мен мәдениетін әлемге танытуға қосқан үлесі.