MIT Haileybury Astanaда

Осы айда мектебімізде Массачусетс Технологиялық Институтының (MIT) екі студенті Бастауыш және Жоғары мектеп оқушыларымен жұмыс істейтін болады.

Энтони мен Шахзод - Информатика және Инженерия факультетінің студенттері. Олар жақын арада STEAM оқу курстарына сай сабақтар беретін болады. Сондай-ақ біздің қонақтар ата-аналар мен оқушыларға АҚШ университеттері және MIT сияқты жетекші университеттерге өтініш беру туралы семинарлар өткізеді.

Бұл алмасу бағдарламасы барысында MIT студенттері қабылдаушы елдің мәдениеті мен өмір салтын зерттеп, университетте алған оқу тәжірибесімен бөлісе алады.

MIT жаһандық бакалавриат бағдарламасында серіктес мектеп болғанымызға қуаныштымыз. Осындай құрметке Орта Азия елдерінде тек санаулы мектептер ие болғандықтан, бұл біз үшін үлкен жетістік және мәртебе.

Жаңалықтар
01.12.2023
Haileybury Astana студенті FOBISIA «Перспективалар» өнер байқауында бірінші орын алды
10-ші класс оқушысы Бақашарды Малайзиядағы @ ParkCity халықаралық мектебі ұйымдастырған FOBISIA “Перспективалар” Халықаралық көркемсурет байқауында бірінші орын алуымен құттықтаймыз!
30.11.2023
Ағылшын тілі олимпиадасының 2023 жеңімпаздары
25-ші қарашада астаналық оқушылар үшін ағылшын тілінен үшінші жыл сайынғы олимпиада өткіздік. 120-дан астам оқушы конкурсқа қатыып, олардың тек 20-сы ғана негізгі кезеңге өтті.
28.11.2023
TechnoGirls мотивация күніне бізге қосылыңыз!
TechnoWomen қауымдастығы оқушы қыздарды 9 желтоқсанда Haileybury Astana мектебінде өтетін TechnoGirls Motivation Day іс-шарасына қатысуға шақырады. Бұл ақпараттық технологиялар саласында жұмыс істеп, жетістікке жеткен әйелдер қауымдастығымен танысудың тамаша мүмкіндігі.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат