Haileybury Astana мектебінің жаңа директоры (2020 жылдың қыркүйегінен бастап)

Haileybury Astana мектебінің жаңа директоры (2020 жылдың қыркүйегінен бастап)

Құрметті ата-аналар!

Қазақстандағы Haileybury мектептерінің Қамқоршылар Кеңесі атынан сіздермен Haileybury Astana мектебі туралы маңызды жаңалықтармен бөліскім келеді.

Ресми түрде өткізілген сұхбаттан кейін Haileybury Қамқоршылар Кеңесі 2020 жылдың қыркүйегінен бастап Джон Коулз мырзаны Haileybury Astana мектебінің директоры етіп тағайындау туралы шешім қабылдағанын хабарлауға қуаныштымын. Өзіңіз білетіндей қазіргі уақытта Джон Haileybury Almaty мектебінің директоры болып табылады. Қазақстанға келмес бұрын ол Haileybury UK мектебінде оқу бөлімін басқарған. 7 жыл бойы ол жетекші британдық мектепте және Haileybury Almaty мектебінде директордың орынбасары қызметін атқарды.

Кеңестің пікірінше Джонның жұмыс тәжірибесі мен Қазақстанмен жақын таныс болуы оның осы лауазымға ең қолайлы кандидат болуына себін тигізді. Коулз мырзаның 5 жылдық келісімшартқа қол қоюы қазіргі директоры Марк Смиттің қол жеткізген тамаша нәтижелерін жақсарта отырып, мектеп әрі қарай тұрақтылық және үздіксіз даму жағдайында жұмыс істейді дегенді білдіреді.

Смит мырза Haileybury Astana директоры ретінде жұмысын 2020 жылдың жазына дейін жалғастырады, және біз оған керемет жұмысы үшін алғыс айта аламыз. Ол бізбен тек 5 семестр бойы жұмыс істеді, дегенмен Коулз мырза жоғары сапалы мектепті басқаратындығынан күмәндану мүмкін емес. Біз Джон мырзаны, оның жұбайы Сильвияны және ұлы Луиді асыға күтудеміз.

Алдағы айларда барлық ата-аналарға Коулз мырзамен кездесуге мүмкіндік беріледі. Мектеп оның келуі туралы ата-аналарға хабар береді.

Ізгі құрметпен,

Иан Хант

Haileybury Kazakhstan мектептерінің Қамқоршылар Кеңесі төрағасы

Жаңалықтар
23.09.2022
Әлемдік тең мүмкіндіктер үшін £2,500-ден астам қаражат жиналды
17 қыркүйек күні Қазақстанда ерекше балалар арасында спорттық ойындарды дамытумен айналысатын "Тең мүмкіндіктер әлемі" қорын қолдау мақсатында "Haileybury Day" қайырымдылық іс-шарасын өткіздік.
20.09.2022
«Advicem» математикалық сайысына тіркелу ашық
Haileybury Astana мектебінің Халықаралық бакалавриат бөлімінің оқушылары Мерей және Камилла Қазақстан бойынша барлық оқушы қатыса алатын «Advice Math Competition» онлайн-олимпиадасын іске қосты.
19.09.2022
Haileybury Day
Өткен сенбіде ортамыз үшін "Haileybury Day" қайырымдылық шарасын өткіздік. Іс-шара барысында барлық Хаустар мен қызметкерлер түрлі спорттық іс-шаралар мен ойындар ұйымдастырды.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат