Көктемгі лагерьге жұмысқа қабылдау

Көктемгі лагерьге жұмысқа қабылдау

Өздеріңізге балабақша бөлімі балаларына арналған көктемгі демалыс лагерінің жұмыс істеуге дайын екендігін қуана хабарлаймыз. Лагерь күн сайын таңғы 9.00-ден кешкі 17.00-ге дейін 27-31 наурыз аралығында өтеді. Лагеріміз балалардың уақытын көңілді өткізуге арналған көңілді және танымдық іс-шараларға толы болады.

Лагерь балаларға жаңа дағдыларды игеруге, сонымен қатар өзге топ балаларымен танысып, достар табуға және таза ауада көбірек дем алып, көңілді әрі пайдалы уақыт өткізуге мүмкіндік береді. Балалар өнер және қолөнер, ертегі оқу және айту, би билеу, музыкалық іс-шараларға және аниматорлар өткізетін түрлі қызықты ойындарға қатыса алады.

Лагерьдегі іс-шаралар:

• Жаңа достар мен таныстар
• Шығармашылық жұмыс
• Би, ойындар және спорт
• Кино күні
• Жарыстар мен марапаттар
• Пицца, тоқаш, бауырсақ пісіру
• Аниматорлар
• Фестиваль (ұлттық киімдер қабылданады)

Лагерь құны аптасына 90,000 теңгені құрайды. Сіздің балаңызға пайдалы әрі құнарлы таңғы ас, түскі ас және жеңіл тағамдар берілетін болады. Орындар саны шектеулі екенін және тіркеу кезек тәртібімен жүзеге асырылатынын ескеруіңізді сұраймыз. Тіркелу үшін осы хатқа тіркелген қосымшадағы форманы және медициналық сауалнаманы толтырып, лагерь үйлестірушісі Қасымхан Нұрмұхамедовке 15 ақпанға дейін қайтаруыңызды сұраймыз k.nurmukhamedov@haileyburyastana.kz.

Егер лагерь жұмысына қатысты қандай да бір сұрақтар туындаса, лагерь үйлестірушісінің электрондық поштасына хат жазуға, +7 (777) 522 45 58 нөміріне қоңырау шалуға, не болмаса WhatsApp желісі бойынша хабарлама жазуға болады.

, Координатор программ по транспорту и лагерям
Касымхан Нурмухамедов
Координатор программ по транспорту и лагерям
Жаңалықтар
15.03.2023
HASTMUN 2023
HASTMUN 2023 - бұл Біріккен Ұлттар Ұйымының студенттік модел (MUN) конференциясы. Онда жастар жаһандық мәселелерді талқылау үшін жиналады. Биыл студенттер "Әділетсіздікті неғұрлым әділ болашақ үшін жұмсарту" атты тақырыпты өздері таңдады.
14.03.2023
"KNAMM" өнер көрмесі
9 наурызда Haileybury Astana Art факультеті 13 сынып, IB студенттері ұйымдастырған "KNAMM" көрмесінің есігін ашты. "КНАММ" сөзі орыс тілінен аударғанда "бізге кел" дегенді білдіреді және де көрмені ұйымдастырған студенттердің есімдерінің аббревиатурасы: Камилла, Наира, Анар, Мерей және Мария.
09.03.2023
The Peer Education Project
Peer Education Project (PEP) - бұл барлық британдық және халықаралық мектептерге арналған ментал денсаулықты қолдайтын бағдарлама. Қазақстанда Haileybury Astana мектебі бағдарламаны білім беру жүйесіне енгізген алғашқы мектеп.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат