Haileybury Astana —2020 жылдың жарқын сәттері

Haileybury Astana мектебінің оқушылары мен ұстаздары үшін өткен жылдың көп бөлігі қашықтан оқу мен оқытудан және күнделікті Zoom арқылы өткізілген кездесулерден тұрды. Дей тұрғанмен, онлайн, яғни қашықтан оқу режімінде  білім алу біздің рухымызды күшейтіп, бұл жылды мейлінше жемісті, табысты, қызықты әрі көңілді өткізуге итермеледі. 

2020 жылы аяқталып келеді, бұл дегеніңіз, осы жылдың ең сәтті кезеңдерін еске алатын кезең дегенді білдіреді.

Әлем бойынша түлектерімізді байланыстыру

Қаңтар айында Haileybury Astana және Haileybury Almaty мектептері   түлектер Ассоциациясының құрылғанын хабарлады — Haileybury Connect Kazakhstan. Біз үшін мектебіміздің түлектеріне қолдау көрсетіп, олардың болашақта көшбасшы болуларына көмектесу маңызды. 

Қазіргі таңда, мектепті бітіріп кеткен 50 түлек осы Haileybury Connect Kazakhstan Ассоциациясының мүшесі болып табылады. Ағымдағы жылда өз түлектерімізбен тығыз қарым-қатынас жасауды мектебіміздің негізгі мақсаты етіп алдық. Аружан Юссуп, Bocconi University жоғары оқу орнының абитуриент және Володимир Киселев, UCL университетінің соңғы курсының студенті шетелде білім алу бойынша өз тәжірибелерімен бөлісіп, Haileybury мектебіндегі оқушыларға өз кеңестерін берді.

Haileybury Astana мектебінің жаңа директорымен таныс болыңыз! 

Осы жылдың ең жарқын оқиғаларының бірі Джон Коулз мырзаның Haileybury Astana мектебінің директоры болып тағайындалуы болды. Ақпан айында Коулз мырза, оның әйелі Сильви және ұлы Луи елордадағы мектебімізге келіп, мектептің ата-аналарымен және мектеп қызметкерлерімен кездесу өткізді. Сағатына 100 мильдік жылдамдықпен жұмыс істей алатын адам болғандықтан Коулз бәріне тез бейімделіп алды. Ол Haileybury Astana мектебінің өз беделінің бұдан да асқақтай түсетініне және академиялық үлгерімін жоғары деңгейге жеткізе алатындығына сенімді. 

Ай, бару және кері қайту. Haileybury Astana мектебі алғашқы HASMUN (HASMUN 2020) конференциясын өткізді. Атқару комитеті киберқауіпсіздік және мәжбүрлі қоныс аудару секілді өзекті сұрақтарды талқылауға арналған үшкүндік саммит ұйымдастырды. Аталған форумға түрлі мектептер мен аймақтардан келген 180-нен астам оқушылар қатысты.  Біз мектебіміздің қызметкерлері мен оқушыларына осындай көлемді іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастыра алғандарына алғыс айтамыз, бұл конференцияда әрбір делегат шалғайдағы өз елін таныстыра алу, сонымен қатар қазіргі таңда маңызы зор жаһандық мәселелерді талқылауға және өзінің саяси көзқарасын білдіру мүмкіндігіне ие болды.

Haileybury Astana мектебі Экологиялық марапатқа ие болды 

Қоршаған ортаны танып-білу бүкіл дүние жүзіндегі балалардың өмір сүру деңгейін және сапасын арттыру тұрғысында қолданылатын аса маңызды құрал болып табылады. Haileybury Astana мектебінде экологиялық сауаттылық — оқушыларға ерте жастан бастап үйретілуі тиіс аса қажетті құндылықтардың бірі.

Заманауи қоғамдағы экологиялық мәдениеттің құндылығын нақты көрсету үшін Эко-команда 2020 жылы өтетін COBIS Eco Film Awards 2020 ойындары үшін қысқаметражды «Plastic IS Fantastic» фильмін түсірді. Haileybury Astana мектебінің аталған жұмысы Global Best Environmental Video Award марапатына ие болды.

«Plastic IS Fantastic» фильмі пластик материалынан жасалған заттардың мектеп экологиясының ластануы және қоқысқа айналуының алдын алу стратегиясын айқын көрсетеді. 

Жаңалықтар
18.04.2024
Аиданың беделді университеттерге жұлдызды түсуі
Талант пен адалдықтың таңғажайып көрінісінде Аиданың театр және Өнер факультетіне түсу туралы арманын жүзеге асыру жолы жаңа биіктерге жетті, өйткені ол Ұлыбританиядағы беделді университеттерден бірнеше шақырулар алды.
17.04.2024
Haileybury Astana үшін қызықты жаңалықтар: мектеп формасы дүкені кеңейіп келеді!
Назар аударыңыз, Haileybury Astana барлық студенттері мен отбасылары!
17.04.2024
Haileybury Astana CIS / NEASC алдын ала есебінде табысқа жетті
Haileybury Astana өзінің жақында өткен CIS/NEASC алдын ала есебінде халықаралық білім берудегі кемелдікке деген ұмтылысын растай отырып, мақтауға ие болды.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат