Haileybury Astana мектебіндегі 2023 жылғы Эдинбург герцогінің халықаралық марапаты

Haileybury Astana мектебіндегі 2023 жылғы Эдинбург герцогінің халықаралық марапаты

Эдинбург герцогінің халықаралық марапаты – бұл сіздің әрқайсыңызбен мәңгіге қалатын және оқу мен болашақта қажет болатын керекті дағдыларды дамытуға септігін тигізетін беделді сыйлық. Ол сондай-ақ тиісті дағдыларды растау ретінде де қызмет етеді. 2023 жылы Haileybury Astana мектебінде Эдинбург Герцогы халықаралық марапатын беру қайта басталды, ол болашақта оқушыларымызға көмектеседі деп үміттенеміз.

26 және 27 мамыр ішінде, біздің оқушыларымыз халықаралық сыйлық аясында алғашқы сапарларына шықты. Эдинбург Герцогының қола марапатының бір  бөлігі ретінде өткізілген бұл сапарға жаяу серуендеу дағдыларын үйрету, шектеулі рационмен ашық ауада тамақ дайындау, интернетпен тікелей байланыс болмады және тек жаяу жүру ғана рұқсат етілді. Аталған сапардағы тәжірибелерден алған осы және басқа да көптеген дағдылар біздің оқушыларымызға тигізер пайдасы ұшан-теңіз екендігіне сенімдіміз.

Біз бұл сапарда бірге болу үшін, қызықтары мен қиыншылықтарын бірге көру үшін әртүрлі жастағы оқушылардың жиналғанына қуаныштымыз. Бұл шара біздің оқушыларымызға пайда әкеліп қана қоймай, сонымен қатар мектептегі әртүрлі жас топтары арасындағы қарым-қатынас пен ынтымақтастықты жақсарта түсетін мықты байланысты да қалыптастыра алады. Сонымен қатар, жасы кіші төменгі сынып оқушыларымыз біздің Халықаралық бакалавриат Дипломдық бағдарламасының шәкірттерінен үйренеді, бұл барлығы үшін де әрқашан пайдалы. Біз осы іс-шараға қатысатын барлық оқушыларымызға алғысымызды білдіргіміз келеді.

Біздің Халықаралық бакалавриат Дипломдық бағдарламасының 12-сынып оқушылары үшін бұл марапат олардың оқу жолындағы басты оқиғалардың бірі болып табылады. Байқауға қатысатын оқушылардың төзімділігі мен шыдамдылықтарын көру керемет сезім.

Бұл сапар оқушылар үшін ғана емес, мектеп қызметкерлері үшін де пайдалы болды. Эдинбург Герцогы халықаралық марапатының аясында біздің шәкірттеріміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін үнемі қадағалау мен бақылауда болады. Марапат - бұл оқу тәжірибесі, сондықтан біздің оқушыларымызға зиян келтіретіндей дәрежеде қауіпті болмауы керек. Біздің басшыларымыз осыған ұқсас халықаралық бағдарламалармен жұмыс істеуде жеткілікті тәжірибеге ие.

Бұл сапар тек практикалық болғандықтан, жақын арада нақты іс-шараға ұласады. Бұл сапар оқушылардың да, мектеп қызметкерлерінің де көңілдерінен шықты және алдағы уақытта сапардың жалғасуын асыға күтеді.

Жаңалықтар
26.09.2023
Astana Physics Battles Haileybury Astanaда
Haileybury Astana еліміздің түкпір-түкпірінен келген физик-энтузиастарды Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы Astana Physics Battles турниріне шақырады! 4-5 адамнан тұратын командалар физикадан олимпиадалық есептерді шешу, презентациялау және қарсыластардың жасаған қателерін табу қабілеттерін сынайтын болады.
21.09.2023
Ұлттық пікірсайыс байқауына тіркелу
Астана оқушыларын 14 қазан күні Haileybury Astana мектебінде өтетін алғашқы ұлттық дебат байқауына қатысуға шақырамыз. Дебат әлемдік стандарттарға сай өтеді. Ал үздік команда Haileybury Almaty мектебінде бір уақытта өтетін дебат жеңімпаздарымен ойнайтын болады.
19.09.2023
Haileybury күні
16-шы қыркүйек күні жыл сайынғы Haileybury Day қайырымдылық іс-шарасы өткен болатын. Мектептің барлық мүшесі іс-шараға белсенді түрде қатысты. Бастауыш және жоғары мектеп мұғалімдері оқушылар мен іс-шара қонақтары үшін ойындар өткізді.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат