Haileybury Astanaда алғашқы Astana Physics Battles жарысы өткізілді

Haileybury Astanaда алғашқы Astana Physics Battles жарысы өткізілді

11 және 12 қарашада мектебімізде Орта Азияда алғаш өткен Astana Physics Battles жарысы өткізілді.

Қазақстанның түкпір-түкпірінен және көрші елдерден 450-ден астам қатысушыны жинай отырып, бұл жаңа форматтағы жарыс физика жанкүйелерінің іске деген ынтасын көрсетті.

Ұйымдастырушылар мен судьялардың жас болғандарына қарамастан, олардың жүлде қорына 650 000 теңгеден астам қаражат жинағанына таң қалдық. Екі күн қызық сәттерге толы болды. Қазақстандағы жас ғалымдар қауымдастығының дамуына өз үлесімізді қосқанымыз үшін қуаныштымыз.

Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат