.jpg)
ЮНЕСКО клубы
Біз ЮНЕСКО клубын ұйымдастырып, ресми мәртебеге ие болуға атсалысқан Халықаралық Бакалавриат (IB) дипломы бағдарламасының студенттерін мақтан тұтамыз!⠀
21 желтоқсанда Haileybury Astana мектебінің орыс тілі пәнінің мұғалімі Ануар Шарипов ЮНЕСКО ұйымдастырған кездесуге қатысып, Халықаралық бакалавриат (IB) дипломдық бағдарламасы студенттері атынан «UNESCO Haileybury Astana Club» жобасын таныстырды. Жоба ресми түрде мақұлданып, Haileybury Astana мектебінің ЮНЕСКО клубтарының қатарына қосылуы туралы шешім қабылданды.
ЮНЕСКО клубтарының миссиясы – бірлікті, толеранттылықты, ізгілікті және әлем идеяларын тарату үшін жауапкершілік сезімін насихаттау.
Haileybury Astana мектебіндегі ЮНЕСКО клубы 2021 жылдың 9 қыркүйегінде ашылды. Содан бері клубтың құрылтайшылары келесі міндеттерді жүзеге асырды:
- Instagram аккаунты ашылды.
- Әдеби байқау өткізілді.
- Халықаралық бейбітшілік күніне арналған ассамблеялар өткізілді.
- Қызғылт-сары әлем: әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты тоқтату науқаны басталды!
- HASTMUN 2021 қатыстық.
- Біз Қарағанды қаласындағы Пионер балалар үйіне қайырымдылық науқанын өткізіп, түрлі заттар мен қор жинадық.
Халықаралық бакалавриат (IB) дипломдық бағдарламасының студенттері Әйгерім, Камилла және Аринаға ерекше алғысымызды білдіреміз және ЮНЕСКО клубы аясында жарқын жобалар жасауға шабыт тілейміз.