Университеттердің Шақырулары | University of Bath, the University of Manchester, and the University of Liverpool

Университеттердің Шақырулары | University of Bath, the University of Manchester, and the University of Liverpool

Амалияны Бат, Манчестер және Ливерпуль университеттерінде аэроғарыштық инженерияны оқуға шақыру алуымен құттықтаймыз!

Haileybury Astana-да Амалия өзінің IB пәндері ретінде тереңдетілген математика мен физиканы оқуда. Ол инженер болуды армандаған еді. Өткен жылы ол Назарбаев университетінің зертханасында жұмыс істеп, аэроғарыш өнеркәсібінде қолданылатын металдарды 3D басып шығаруға үлес қосты. Мектепте ол инженерлік клуб ұйымдастырып, қыздар арасында STEM пәндерін насихаттау үшін жұмыс істеуде.

Біз Амалияның жетістіктерін мақтан тұтамыз және оның Қазақстандағы жас қыздар арасында инженерлік істі танымал ету жөніндегі бастамаларын қолдауға әрқашан дайынбыз.

Жаңалықтар
03.10.2023
Haileybury Astana мектебінде білім алуға берілетін шәкіртақы туралы
Haileybury Astana мектебінде 2024-2026 оқу жылында Халықаралық бакалавриат бағдарламасы бойынша білім алуға арналған толық және жартылай шәкіртақысына ие болу үшін тіркеу ашылды (12-13 сыныптар).
26.09.2023
Astana Physics Battles Haileybury Astanaда
Haileybury Astana еліміздің түкпір-түкпірінен келген физик-энтузиастарды Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы Astana Physics Battles турниріне шақырады! 4-5 адамнан тұратын командалар физикадан олимпиадалық есептерді шешу, презентациялау және қарсыластардың жасаған қателерін табу қабілеттерін сынайтын болады.
21.09.2023
Ұлттық пікірсайыс байқауына тіркелу
Астана оқушыларын 14 қазан күні Haileybury Astana мектебінде өтетін алғашқы ұлттық дебат байқауына қатысуға шақырамыз. Дебат әлемдік стандарттарға сай өтеді. Ал үздік команда Haileybury Almaty мектебінде бір уақытта өтетін дебат жеңімпаздарымен ойнайтын болады.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат