10-13 сынып оқушыларна Нью-Йорк қаласына ғылыми-зерттеу сапары — British School Haileybury Astana

10-13 сынып оқушыларна Нью-Йорк қаласына ғылыми-зерттеу сапары

10-13 сынып оқушыларна Нью-Йорк қаласына ғылыми-зерттеу сапары

Haileybury Astana мен доктор Сильванус екі жыл қатарынан Америкаға ғылыми-зерттеу сапарын ұйымдастырып келеді. 10-13 сынып оқушылары қатысқан бұл экскурсия балалардың ғылыми танымын кеңейтуге арналған. Нью-Йорк қаласы бұл тәжірибе үшін таптырмас жер. Ал қаланың орталығындағы атақты Таймс-сквер көшесі бізді көрнекі жерлерімен, өзінің қайталанбас ерекше атмосферасымен баурап алды.

Кхан ханым мен "Visions in Education" ұйымының өкілі Боб Джонс мырзамен бірге біз Колумбия және Принстон университеттеріне, «Ocean Odyssey» ұлттық география орталығына және Табиғи тарих музейіне бардық. Сонымен қатар оқушылар өздерін бір күн бойы Нью-Джерсидегі Colgate-Palmolive кәсіпорынында парфюмерия және рецептура химигі ретінде сынап көрді. Бұл қызықты бағдарламаға қоса, біз аңызға айналған Азаттық мүсініне, Эллис аралына бардық, Орталық саябақты велосипедпен аралап, Бруклин көпірінен де өттік. Empire State және One World зәулім үйлерінің ең жоғарғы нүктесіне шығып, 9/11 Мемориалының атмосферасын сезіндік. Саяхатымызды Бесінші авенюдегі дүкендерді аралаумен аяқтадық: оқушылардың айтуы бойынша, Нью-Йоркке келсеңіз, бұл жерге соқпай кетуге болмайды екен.

Қорыта айтсақ, саяхатымыз әрі сәтті, әрі көңілді өтті. Оқушылар аздап шаршаса да, бұл сапардан мол тәжірибе жинақтап қайтты. Бұл сапарымыз Haileybury мектібінің басқа да оқушыларын ғылым мен білімге, жаңалықтарға ынталандырады деп үміттіненеміз.

Жаңалықтар
06.05.2021
День Открытых Дверей в Старшей школе Haileybury Astana
Мы приглашаем Вас узнать больше о британском образовании в старшей школе, посетив День Открытых дверей Haileybury Astana!
26.04.2021
Халықаралық Бакалавриат Диплом Бағдарламасы туралы нені білу керек?
Және неге оқу — тек қана білім емес
27.04.2021
2021-2022 оқу жылына Haileybury Astana мектебіне ерте қабылдау
Haileybury Astana халықаралық мектебіне қабылдау ашық.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат

Haileybury Astana мектебі 1-10 мамыр аралығында Көктемгі демалысқа жабық.

Егер сіз біздің мектепке түсуге өтініш бергіңіз келсе, оқушыларды қабылдау бөліміне admissions@haileyburyastana.kz   мекен-жайы бойынша хабарласыңыз немесе +7 7172 55 98 55 нөміріне жазыңыз.

Біз сізбен кездесуді асыға күтеміз!