Балабақшаға қабылдау

Балабақшаға қабылдау

Haileybury балабақшасы – ерекше орта, және біз сізге балаларды оқыту және дамыту үшін дұрыс ахуалды қалай жасайтынымызды көрсеткіміз келеді. Біздің мұны қалай іске асыратынымызды түсінудің ең жақсы жолы – бұл келіп, өз көзіңізбен көру. Біздің сізді және сіздің балаларыңызды Haileybury-гі өмірге қалай дайындайтынымызды түсіну үшін саяхатты броньдаңыз.

Haileybury балабақшасы сіздің балаңыздың білім алуына қалай тиімді бастау бере алады?

Haileybury Astana мектеп жасына дейінгі балаларға арналған Халықаралық оқу бағдарламасын басшылыққа алады. Бұл оқу жоспары баланың кешенді дамуын қолдауға арналған.

Біздің біліктілігі жоғары мен тәжірибесі мол мұғалімдеріміз оқу бағдарламасын ағылшын тілінде жүргізеді және Haileybury Astana-да мұғалімдер мен оқушылардың ара қатынасы  жоғары болып табылады. Біздің жергілікті мұғалімдеріміз ағылшын, қазақ және орыс тілінде сөйлейді, сондықтан барлық балалардың оқу мүмкіндігі кең.  

Біздің орынжайларымыз арнайы жоба бойынша салынған және мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істеу үшін барлық ресурстармен қамтамасыз етілген, балалар өздерін ыңғайлы және қауіпсіз сезінетін ынталандырушы және шабыттандырушы ахуал орнатылған.

Әрбір тақырып балалардың жоғары қызығушылығын оятатындай және оларды оқытудың барлық аспектілеріне белсенді қатысуға ынталандыратындай мұқият іріктеп алынған және жоспарланған. 

Біз мектеп жасына дейінгі балаларға арналған Халықаралық оқу бағдарламасын (IEYC) пайдалануды шештік, себебі ол балаларға одан әрі білім алуға берік негіз береді.

Өтінімді қалай беруге болады?

  1. Төмендегі сұратым нысанын толтырыңыз.
  2. Біз сізді мектеп ішіне саяхатқа және кеңес алуға тіркейміз.
  3. Өтінімді толтырыңыз және 37 000 теңге тіркеу жарнасын төлеңіз.
  4. Біз сіздің балаңызды байқау күніне шақырамыз.
  5. Сәтті өткен үміткерлерге орын ұсынылады және сіз оны кепілдік депозитпен қамтамасыз ете аласыз.
Сұраным формасы
Сұраным берушінің байланыс деректері
Сіздің балаңыз туралы ақпарат
Қосымша ақпарат
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат

25.06.2020 Мектеп жазғы демалысқа жабылады.

Біздің басшылығымыз Haileybury мектептерін қайта ашуды жоспарлауда тығыз жұмыс істеуде, және біз тиісті органдардан растау алғаннан кейін барлық отбасыларды мектептің ашылу күні туралы хабардар етеміз.

Қазіргі уақытта біз 2020 жылдың тамыз айында жаңа орындарға шектеулі ғана өтінімдерді қабылдаймыз. Біздің мектепке түсу туралы көбірек білгіңіз келсе, оқушыларды қабылдау бөліміне хабарласыңыз: admissions@haileyburyastana.kz, +7 777 522 45 43