Haileybury Astana халықаралық мектебі 11-18 жастағы оқшыларды БҰҮ командалық платформасында 5 қараша – 7 қараша күндері өтетін HASTMUN 2023 конференциясына қатысуға шақырады. Қазіргі таңдағы карантин жағдайына байланысты аталған іс-шара онлайн форматта өткізіледі. Конференцияға қатысу тегін.
Біріккен Ұлттар Үлгісі (MUN) Біріккен Ұлттар конференцияларына сәйкестендіре ұйымдастырылған 3 күндік білім беру іс-шарасы болып табылады. Конференцияға қатысушылар әртүрлі мемлекеттерді таныстырушы өкілі болып атсалысады, өзі өкілі болып отырған мемлекеттің саясатын қорғай отырып, жаһандық мәселелерге арналған нақты жағдаяттарға бағытталған сөзталасқа қатысады. Бүкіл әлем бойынша мектептер мен колледждерде өткізілетін Біріккен Ұлттар Үлгісі (MUN) конференциясы - бұл сабақтан тыс өткізілетін ақпараттық және қызықты әрекет.
Оқушылар Біріккен Ұлттар Ұйымы комитетінің жұмысына сәйкес келетін ұлттық және халықаралық конференцияларға қатысады. HASTMUN 2023 конференциясының негізгі тақырыбы - «Үмітті жандандыру жолындағы дағдарыспен күрес».
Қазіргі таңда дүние жүзі пандемиямен күрес жүргізуді жалғастыра отырып, қалыпқа келуге бет бұруда, осыған сәйкес біздің конференциямыздың басты назарында қауымдастықтардың бірлесіп жұмыс істей алуы мен халықаралық қиыншылықтарды қалай жеңуге болатындығы болып табылады.
1 күн: жұма, 5 қараша
УАҚЫТЫ | ІС-ШАРА |
8:30 - 9:00 | Тіркеу |
9:00 - 10:00 | Ашылу салтанаты |
10:00 - 12:30 | Бірінші сессия |
12:30 - 13:30 | Түскі ас |
13:30 - 15:30 | Екінші сессия |
15:30 - 15:45 | Үзіліс |
15:45 - 18:00 | Үшінші сессия |
Сенбі, 6 қараша
УАҚЫТЫ | ІС-ШАРА |
9:00 - 12:30 | Төртінші сессия |
12:30 - 13:30 | Түскі ас |
13:30 - 15:30 | Бесінші сессия |
15:30 - 15:45 | Үзіліс |
15:45 - 18:00 | Алтыншы сессия |
Жексенбі, 7 қараша
УАҚЫТЫ | ІС-ШАРА |
9:00 - 12:30 | Жетінші сессия |
12:30 - 13:00 | Жабылу салтанаты |
Біз өз мектебіміздің жеке, дербес MUN академиясын қуана-қуана таныстырамыз, аталған академия болашақ делегаттар мен төрағаларды даярлау үшін, олардың алдағы өмірлеріне қажетті дағдылар мен сенімділікке ие болуға, сол арқылы MUN іссапарларына дайындалуға көмектесетін қызықты жаңа оқу бағдарламасын ұсынады.
Делегаттар үшін жоспарланған кесте екі сенбі өтетін семинардан тұрады, ол семинарларда делегаттар MUN процедурасын оқып-үйренеді, төрағалар мен тәжірибелі делегаттардан кеңес алады, қолданылатын терминологиямен танысады, басқа делегаттармен кездеседі және тағы басқалар.
Төрағаларға келетін болсақ, MUN академиясы төрағалық ету тәртібімен және делегаттармен байланыс онатуға арналған бір күндік семинардан тұрады.