TedxYouth@HaileyburyAstana – бұл оқушылар тарапынан ұйымдастырылатын конференция, спикерлер қатысып, пікір алмасады. Бұл конференция TED коммерциялық емес ұйымының лицензиясы бойынша өткізіледі, оның ұраны «Таратуға тұрарлық идеялар». Шабыттандыратын шараны ХБ студенттері өздері бастады және басынан-аяғына дейін өздері жоспарлады, өйткені Haileybury Astana мектебіндегі білім студенттердің бойында көшбасшылық дағдының болуына мен жаһандық ойлауға ынталандырады.
2021 жылы TEDxYouth@HaileyburyAstana мектебі өткізетін конференцияның тақырыбы «FORWARDS» болып жарияланды. Бұл тақырып жолдағы кез келген кедергілерді жеңіп, болашаққа жету үшін әрекет ету керектігін жеткізу үшін таңдалды.
Haileybury Astana ұйымының үш мүшесі, Назарбаев Университетінің студенті, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, Голландия және Германия елшіліктерінің өкілдері Андре Карстенс пен Холгар Колли жиналғандармен өз тәжірибелерімен және идеяларымен бөлісті.
TedxYouth@HaileyburyAstana Haileybury Astana мектебінің кең ауқымды сабақтан тыс іс-шараларына тамаша қосымша деп есептейміз, өйткені конференция жаһандық мәселелер туралы маңызды әңгімелерді көтереді және оқушылардың көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамытады.
Haileybury Astana мектебі – студенттерге TEDxYouth@HaileyburyAstana сияқты өз жобаларын жасауға және ұйымдастыруға мүмкіндік беретін осындай бағдарламаларды жүзеге асыратын мектептердің бірі.