HASTMUNдың жарқын сәттері

HASTMUNдың жарқын сәттері

Haileybury Astana мектебіндегі HASTMUN конференциясының сәтті өткенін қуана хабарлаймыз. Іс-шараның бірінші сессиясы кедергісіз және нәтижелі өтті. Көптеген өзекті тақырыптар мен маңызды ойлар ортаға салынып, қызу талқыланды. Талқылауға барлық делегаттар қатысып, өздері өкілдік еткен елдердің атынан белсенді әрі сенімді сөйледі. Халықаралық бакалавриат (IB) студенттері конференцияның жақсы құрылымдастырылуын және ұйымдастырылуын қамтамасыз етуге мейлінше тырысты.

БҰҰ моделі іс-шарасының симуляциясы кезінде делегаттар қарар құжаттары мен өздері құра алатын ықтимал альянстар туралы ойлана бастады. Екінші күні олар осы құжаттарды жазып, оңтайлы шешімдерді талқылап, төрағалардың қолдауымен ең жақсы шешімдерді қабылдады.

HASTMUN 2021 конференциясының соңғы күнінде көптеген қызықты талқылаулар өтті, алуан түрлі қызықты идеялар ортаға салынды және делегаттар өз шешімдерін жан-жақты қарастырып, соңғы нүктесін қойды. 2021 жылғы конференцияға қатысқан барлық мектептерге өз студенттерін дебат пен дебатқа жібергендері үшін алғысымызды білдіреміз! Біздің қонағымыз және конференциямыздың негізгі баяндамашысы: Кэролайн Кларинвалға ерекше рахметімізді айтамыз. Ол Қазақстандағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өкілдігінің басшысы.

Haileybury Astana мектебіндегі HASTMUN конференциясына келесі мектептер қатысты: QSI, Назарбаев Зияткерлік мектептері, Ташкент халықаралық мектебі, Astana Garden мектебі, Нұр-Сұлтан халықаралық мектебі, Bilim-Innovation, Haileybury Almaty және Spectrum.

Кибертерроризмге қарсы тұру және қару-жарақпен күресу: оқушылар тағы не туралы айтады?

Мектеп жылдары - амбицияларды дамытатын уақыт. Жасөспірімдер ер жетеді, есейеді, олар әлемдегі жағдайға алаңдай бастайды, оны өзгертуге, жақсартуға ұмтылады. Осы жаста балаларға барлық ұмтылыстар мен талпыныстарына қолдау көрсету маңызды.

Мұны білім беру бағдарламалары арқылы да, тегін, сабақтан тыс болатын сабақтар, курстар, вебинарлар мен конференциялар арқылы да жасауға болады. Осыған ұқсас іс-шараны – HASTMUN 2021 конференциясын Haileybury Astana халықаралық мектебі БҰҰ-мен бірлесіп өткізеді.

Біз оны құруға басқа мектеп оқушыларымен бірге атсалысқан, конференцияны ұйымдастырушылармен және қатысушыларымен әңгімелестік. Олар бізге өткен іс-шаралардан алған тәжірибелері, таңдалған тақырыптар мен мақсаттары, күткен нәтижелері, оны құрудың жоспарлары мен қиын тұстары туралы айтып берді. Мұндай кездесулерге үнемі қатысу студенттердің жеке және кәсіби дағдыларын дамытады. Бұл жан-жақты, сауатты, сұранысқа ие мамандарды тәрбиелеуге ықпал етеді.

2021 жылғы конференция үстіміздегі жылдың 5-7 қараша аралығында болады
МҰНДА ТІРКЕЛІҢІЗ

HASTMUN 2021 конференциясының делегаты болыңыз!

Сізді халықаралық қатынастар мен дипломатиялық қызмет қызықтыра ма? Жаһандық мәселелердің қалай шешілетіні сізді толғандыра ма? Жауапкершілігіңізді арттырып, шынайы көшбасшылықтың қиындықтарын шешуге ұмтылып жүрген көшбасшысыз ба?

Егер сіз «иә» деп жауап берсеңіз, онда сізді HASTMUN 2021 конференциясына делегат ретінде қатысуға өтініш беруге шақырамыз. Қатысқыңыз келсе, Рэйчел Брекон ханымға электрондық пошта арқылы хабарласуыңызды сұраймыз r.breckon@haileyburyastana.kz.

Біздің барлық комитеттеріміздегі делегаттардың бос орындарының саны шектеулі. Делегаттар комитеттердің тақырыптары бойынша жан-жақты ақпаратты қамтитын оқу құралдарымен қамтамасыз етіледі. Делегаттар сонымен қатар жазбаша қолдау мен кіріспе сөздерді, сондай-ақ MUN академиясының бейне матриалдарына қол жеткізе алады.

HASTMUN 2021 конференциясы 5-7 қараша аралығында MUN Command платформасында өтеді. HASTMUN 2021 делегаты болу үшін, төмендегі батырманы басыңыз. 

MUN академиясы және 2-ші жыл сайынғы БҰҰ моделі конференциясы

HASTMUN 2021 конференциясының басты мақсаты - жас делегаттарға өз пікірін білдіруге, пікірсайыс жүргізе білу дағдыларын жетілдіруге және әртүрлі мәдениет пен дүниетаным, түрлі көзқарастағы адамдармен білім алмасуға қатысу мүмкіндігін беру.

Біз жастарға жаһандық мәселелерді зерттеуге, өміршең шешімдерді талқылауға және пікірсайыс арқылы консенсусқа жетуге мүмкіндік бергіміз келеді. Біз бұл дағдылардың оқушыларға университеттік өмірде де, ересек өмірде де қажет болатындығына сенімдіміз.

Әлем пандемиямен күрес жүргізуді жалғастырыра отырып, қалыпқа келуге бет бұруда, осыған сәйкес біздің конференциямыздың басты назарында қауымдастықтардың бірлесіп жұмыс істей алуы мен халықаралық қиыншылықтарды қалай жеңуге болатындығы болып табылады. Сәйкесінше, конференция тақырыбы - «Үмітті жандандыру жолындағы дағдарыспен күрес».

MUN дегеніміз не?
Рэйчел Брекон ханым: MUN дегеніміз не?
Рэйчел Брекон ханым: MUN дегеніміз не?
Биби, IB студенті MUN конференциясы туралы
Биби, IB студенті MUN конференциясы туралы
Алима, IB студенті MUN мүмкіндіктері туралы
Алима, IB студенті MUN мүмкіндіктері туралы
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат