COVID-тен сақтанудың қауіпсіздік шараларына қатысты мектеп өмірі қалай өзгерді?

⠀Біздің оқушыларымыздың денсаулығы мен қауіпсіздігі - Haileybury Astana мектебі командасының басты артықшылығы. Біз оқушылардың  қауіпсіз ортада білім алудың ең үздік қорларына қол жеткізе алуларына жағдай жасадық.

 

✔️Әрбір сынып бөлмесінде бактериялардың пайда болуының алдын алуға көмектесетін ауа тазартқыштар мен ультракүлгін шамдары орналастырылған. 

✔️ Сыныптағы оқушы саны 15-тен аспайтындай арнайы топтар құрылған 

✔️ Сабақ кестелері Оқу топтары арасында үзілістердің болуын қамтамасыз ете алатын мақсатта құрылған 

✔️ Мектепке келетін әрбір адамның дене қызуы міндетті түрде өлшенеді. Егер мектепке келушінің дене қызуы 37 градустан асатын болса, мектепке кіруге рұқсат берілмейді.

✔️Қолды зарарсыздандыруға арналған сұйықтық мектептің барлық жеріне қойылған, оқушылар мен мектеп қызметкерлері мектеп ғимаратына кірген кезде, сонымен қатар сынып бөлмелері мен асханаға кіру және шығу кезінде қолдарын зарарсыздандырулары қажет.

✔️Мектебімізде қолданылатын зарарсыздандыру сұйықтығы жергілікті денсаулық сақтау басқармасымен мақұлданған, құрамында алкоголь жоқ.  

✔️Мектеп айналасында баспалдақтар мен дәліздерде біржақты бағыт қозғалысын көрсететін арнайы белгілер қойылған.

✔️Балалар топтарын бөліп тұратын арнайы қосымша бөлу жабдықтары қойылған. 

Оқу күнінің режіміне сәл өзгеріс енгізілді, алайда көпшілігі бұрынғыдай, өзгеріссіз қалдырылды.⠀

Біз бұрынғы мектеп өміріне қайта оралып, спорттық және сыныптан тыс өткізілетін іс-шараларды қалпына келтіре аламыз деп үміттенеміз. Қазіргі таңда біз Haileybury Astana мектебі оқушыларының жоғары деңгейдегі сапалы білім алып, оларға жан-жақты қамқорлық көрсетуге тырысудамыз. 

Жаңалықтар
05.06.2023
Haileybury Astana мектебіндегі алғаш рет ұйымдастырылған Piano Paradigm сайысы
3 маусымда біздің Халықаралық бакалавриат бөлімінің оқушылары Haileybury Astana мектебіндегі алғаш рет Piano Paradigm сайысын ұйымдастырып, сәтті өткізіп шықты.
30.05.2023
Университеттердің Шақырулары | London School of Economics and Political Science
Біздің мектеп бітіріп кеткен түлегіміз Ахмет Майдан бір жылдық үзілістен кейін Лондон экономика және саясаттану мектебінен (LSE) шақырту алды.
25.05.2023
Қоқыс Жинау Күні (Сенбілік)
Haileybury Astana мектебінің таза және жасыл ортаны құруға деген ұмтылысы Астана әкімдігі ұйымдастырып отырған осы іс-шараға біздің экокомитетті де атсалысуға итермеледі.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат