Haileybury Astana үшін FOBISIA мүмкіндіктері

Haileybury Astana үшін FOBISIA мүмкіндіктері

20 маусымда біздің мектеп Азиядағы Британдық Халықаралық Мектептер Федерациясына кіру үшін аккредиттеуден сәтті өткені туралы хабар алған едік. Бұл біздің қоғамдастық үшін үлкен жетістік.

FOBISIA мүшелігі бізге басқа 94 мүше мектептермен тығыз жұмыс істеуге, халықаралық спорттық және мәдени іс-шараларды өткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, федерацияға мүшелік математика, жаратылыстану ғылымдары және ағылшын тілі сияқты пәндік салаларда оқушыларға бағытталған жарыстарға қатысуға мүмкіндік береді. Біз барлық іс-шараларға белсенді қатысуға және бізге қол жетімді барлық мүмкіндіктерді қолдануға қуаныштымыз.

FOBISIA тексеру туралы есепті оқуға болады. Сіз онымен төмендегі сілтемені басу арқылы таныса аласыз.

Жаңалықтар
26.09.2023
Astana Physics Battles Haileybury Astanaда
Haileybury Astana еліміздің түкпір-түкпірінен келген физик-энтузиастарды Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы Astana Physics Battles турниріне шақырады! 4-5 адамнан тұратын командалар физикадан олимпиадалық есептерді шешу, презентациялау және қарсыластардың жасаған қателерін табу қабілеттерін сынайтын болады.
21.09.2023
Ұлттық пікірсайыс байқауына тіркелу
Астана оқушыларын 14 қазан күні Haileybury Astana мектебінде өтетін алғашқы ұлттық дебат байқауына қатысуға шақырамыз. Дебат әлемдік стандарттарға сай өтеді. Ал үздік команда Haileybury Almaty мектебінде бір уақытта өтетін дебат жеңімпаздарымен ойнайтын болады.
19.09.2023
Haileybury күні
16-шы қыркүйек күні жыл сайынғы Haileybury Day қайырымдылық іс-шарасы өткен болатын. Мектептің барлық мүшесі іс-шараға белсенді түрде қатысты. Бастауыш және жоғары мектеп мұғалімдері оқушылар мен іс-шара қонақтары үшін ойындар өткізді.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат