2019 жыл түлегі Аймира Абаеваның қысқаша әңгімесі

Мен Haileybury Astana мектебі туралы  алғаш рет  2013 жылы естіген кезде, қатты толқып, бірден құжат тапсыруым міндетті мектеп екен деген шешім қабылдадым. Мен Haileybury Astana мектебіне  8-сыныпта келдім, ол уақытта көп нәрсеге қызығушылығы мол,  сонымен қатар көздерінде қорқыныш сезімі де анық байқалатын кішкентай қыз едім. Мектепке барған ең алғашқы сәтім есімде мәңгіге сақталады. Есімнен кетпей, жадымда сақталған ең бірінші сезім Haileybury Astana мектебінің директорымен кездесіп,оның дәл қарсы алдында пианинода ойнағым болатын. Дәл осы сәттен бастап менің музыкаға деген құштарлығым арта түсті.

Haileybury Astana мектебінде  өткізген алты жылым менің, шын мәнінде, хэйлиберилік (Haileyburian) атануыма септігін тигізді және мен өзімнің  Haileybury Astana мектебінің алғашқы түлектерінің бірі болғанымды әрқашан мақтан етемін. Haileybury Astana мектебінен ұшып шыққан соң, мен өз білім жолымды Ұлыбританияда жалғастыруға шешім қабылдадым.  Британдық білім беру жүйесімен таныс болғандықтан, сонымен бірге жоғары білімді әрі білікті ұстаздарымның арқасында қарым-қатынас жасау дағдымды дамыта алғандығымнан, мультимәдени ортаға тез сіңіп, бейімделіп кете алдым, оның үстіне

Haileybury Astana мектебінде де мен үнемі халықаралық қауымдастықтар мен ұйымдардың мүшесі болғандығым көп көмегін тигізді. Қазіргі таңда мектептің алғашқы түлектерінің бірі болғандығым ғана емес, сонымен қатар Ұлыбританияның алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының бірі болып табылатын  Essex  Университетінің BBA Business Administration факультетінің екінші  курс студенті болуым маған Haileybury Astana мектебінің  өзімнің қазіргі жағдайыма қол жеткізуіме қаншалықты көмектескенін ұғындырды. 

Essex Университеті менің бірден таңдауым түскен жоғары оқу орны болды және  оған себеп  осы білім ордасының Times газетіндегі 2018 жылдың Үздік Білім ордасы атағын жеңіп алған Университет  болуы. Білім  алғым  келетін мемлекет ретінде Ұлыбританияны таңдадым. Британдық өмір сүру салты жаныма жақын, өзімнің табиғатыммен де тығыз байланысты, сондай-ақ британдық білім беру  жүйесі де өзінің жоғары стандарттарға ие болуымен ұнайды. Өзімнің Ұлыбританиядағы қызыққа толы студенттік өміріме көңілім толады.

Haileybury Astana мектебі мені жоғары оқу орнына жақсы  дайындап  жіберді: академиялық тұрғыдан да, қоғамдық өмір тұрғысынан да. Халықаралық  Бакалавриат  Дипломы  бағдарламасы (IBDP) және оның негізін құраушы маңызды элементтер, мысалы кеңейтілген эссе жазу сияқты, менің  университет  қабырғасында да эсселерді  қиналмай жазуыма өз септігін  тигізді. 

Университетімде  менің  Халықаралық Бакалавриат бағдарламасын оқымаған  өзге де студенттермен  бақ сынасуыма тура келеді. Haileybury  Astana мектебінде Халықаралық Бакалавриат бағдарламасының түлегі болудың және шетелде Халықаралық Бакалавриат бойынша білім алмаудағы басты артықшылық — сенің халықаралық студент болып табылуыңда.

Haileybury Astana түлектерінің Ассоциациясы қазіргі  білім  алып  жатқан оқушылармен  пікір  алмасып, тығыз қарым-қатынас жасауға керемет  мүмкіндік  береді, сонымен  қатар олардың  Haileybury Astana мектебінің  қайтадан бір бөлшегі болуларына көмектесе аламыз. 

Өкінішке орай, COVID-19 дерті жағдайды көп қиындатып жіберді  және  студенттер  бұрынғыдай білім  алу үдерісімен рақаттанып, бір-бірімен  байланысқа түсе алмайды. 2021 жылдың қаңтар айында өзімнің түйіндемемді жақсартып, тәжірибемді байыта түсуім үшін  қандай да бір әрекет жасауым қажеттігін түсіндім. Әлбетте, ойыма бірден өзімнің  мектебім - Haileybury Astana мектебі түсті.  Мен Haileybury Astana мектебінің Marketing Department (Маркетинг бөлімі) бөлімінде өз тәжірибемді толықтырып, шыңдағым келді. Дәл осы жағдай бірінші рет Haileybury Astana және Haileybury Almaty мектептерінде орын алып отыр.  Мен Маркетинг командасымен екі апта бойы бірігіп жұмыс істей алуым мүмкін деген оң жауап алғанымда қатты толқыдым. Бұл дегеніңіз, Haileybury Astana мектебінің  өз түлектеріне қандай  қамқорлық жасай алатындығының айқын әрі нақты дәлелі және мен осыны үнемі мысал ретінде  айтып  жүретін  боламын. Сонымен  қатар бұл маған Haileybury Astana мектебінің PR және Маркетинг бойынша  қалай жұмыс істейтіндігімен жақынырақ танысуға зор мүмкіндік береді. Сонымен қатар  мен өзімді мектепке ересек адам ретінде қайта оралғандай сезіндім.

Мен тәжірибе алмасу мен тәжірибе жинақтаудың қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінемін. Осы ретте мен Haileybury Astana мектебінің өз студенттеріне – Батыс Лондон Университетінің Музыка пәні бойынша  емтиханын тапсыру мүмкіндігін ұсынғанына   ризашылығымды   білдіргім  келеді.   Мен Haileybury  Astana   мек-тебінде оқып жүріп   Лондон колледжінің Музыка емтиханын (LCM exam (London college of Music Examination) тапсыра алдым. Осы емтиханды тапсыру барысында пиано класы бойынша  ең жоғары 8 деген ұпай алған мен үшін  Халықаралық  Бакалавриат бағдарламасы музыкаға тереңірек  бойлай түсуіме  өз септігін тигізді. Менің музыкалық қабілетім одан әрі шыңдала түсті, бұл өз кезегінде менің өзге салалар бойынша да өзіме деген сенімімнің арта түсуіне көп көмегін тигізді. Өз-өзіңе сенім білдіру маңызды әрі қажетті қасиеттердің бірі, әсіресе бизнес әлемінде алатын орны ерекше.

Haileybury Astana мектебі өзіңді өз үйіңде жүргендей сезінетін тамаша мекен. Осы жылдар ішінде мұғалімдердің бірнеше рет ауысып отырғанына қарамастан, мектеп қабырғасы да, оның ішіндегі атмосфера мен менің ішкі сезімім бұрынғыдай.  Мен Haileybury Astana мектебінің көптеген жетістіктерге  қол жеткізуінің,  сан алуан марапаттарға ие болғандығының  куәсі болдым. Haileybury Astana мектебінің Халықаралық орта білім Куәлігі (IGCSE) аккредитациясынан өту кезеңінде, сонымен қатар Халықаралық Бакалавриат Дипломы бағдарламасының (International Baccalaureate (IBDP)) аккредитациясынан өткен кезде де мен осы мектеп қабырғасында болдым.  Haileybury Astana  мектебі және мен бірге өсіп, жетіліп  келе жатырмыз,  сол себепті де өз мектебім туралы пікірім мен сезімім ерекше.

Осындай  керемет естеліктер үшін, мені университетте білім алуға дайындағаны үшін, тәжірибе  жинақтауым үшін жұмыс істеу мүмкіндігін ұсынғаны  үшін, адал достар табуыма септігін тигізгені үшін, Нұр-Сұлтан қаласындағы шағын Ұлыбритания бола алғандығы үшін  өзімнің білім  алған Haileybury Astana мектебіме  алғысым шексіз. Мұның барлығының мен үшін алар орны ерекше.

Жаңалықтар
18.04.2024
Аиданың беделді университеттерге жұлдызды түсуі
Талант пен адалдықтың таңғажайып көрінісінде Аиданың театр және Өнер факультетіне түсу туралы арманын жүзеге асыру жолы жаңа биіктерге жетті, өйткені ол Ұлыбританиядағы беделді университеттерден бірнеше шақырулар алды.
17.04.2024
Haileybury Astana үшін қызықты жаңалықтар: мектеп формасы дүкені кеңейіп келеді!
Назар аударыңыз, Haileybury Astana барлық студенттері мен отбасылары!
17.04.2024
Haileybury Astana CIS / NEASC алдын ала есебінде табысқа жетті
Haileybury Astana өзінің жақында өткен CIS/NEASC алдын ала есебінде халықаралық білім берудегі кемелдікке деген ұмтылысын растай отырып, мақтауға ие болды.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат