Haileybury Astana мектебінің 2021-2022 оқу жылында өткізген іс-шаралары

Haileybury Astana мектебінің 2021-2022 оқу жылында өткізген іс-шаралары

Жаңа оқу жылының басталуына әне-міне дегенше бір-ақ апта уақыт қалды! Блім ордасының су жаңа парақшасын бастамас бұрын, Haileybury Astana мектебінің өткен оқу жылындағы әрбір оқушы мен ата-ананың есінде қалған қызықты іс-шараларды еске түсіріп, тағы да бір тоқталып өткенді жөн көрдік. Жадыңызды жаңғыртып, есіңізге көңілді сәттерді қайта түсіретін ұмытылмас естеліктерді қайталап тамашалауға шақырамыз!

Халықаралық бакалавриат емтихан нәтижелері. Жоғары оқу орындарына жолдама

Биыл тағы да Халықаралық бакалавриат Диплом бағдарламасы бойынша білім алып, Бағдарлама емтиханынан керемет нәтижелерге қол жеткізген шәкірттерімізді алыс сапарға, жарқын болашаққа шығарып салдық. Әлем мектептерінің емтиханнан алған орташа ұпайлары 32 болса, біздің мектебіміздің орташа ұпай санының 37 болғанын зор мақтанышпен қайталап айтып өткіміз келеді. Оқушыларымыздың 30%-дан көбі 39 немесе одан да жоғары ұпай алды, соның нәтижесінде алдағы уақытта мектеп түлектерінің түгелге жуығы АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Еуропа мен Азия елдерінің әлемге әйгілі, ең озық болып саналатын жоғары оқу орындарында білім сапарларын жалғастырмақ.

Олимпиадалар

Оқу жылы барысында Haileybury Astana мектебі түрлі пәндер бойынша мектепішілік өткізілген олимпиадаларға Қазақстанның барлық өңірінен оқушыларды атсалысуға шақырды.

  • Математика пәні олимпиадасы

Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан мектептерден жиналған оқушылар екінші жыл қатарынан математиканың сан алуан салаларынан берілген қызықты есептер шығарудан жарысып, бақ сынасты. Жарысқа формулалар мен сандар әлеміне енді ғана сүңги бастаған мектеп оқушылары, сондай-ақ Ұлттық және халықаралық математикалық олимпиадалардың жеңімпаздары қатысты.

  • STEAM олимпиадасы

STEAM бағыты оқушыларды ғылым, технология, инженерия, өнер және математика салаларында дамытып, алға жылжытады. Haileybury Astana мектебі оқу бағдарламасына STEAM бағдарламасын белсенді түрде енгізіп отыр. STEAM олимпиадасы практикалық, көңілді және қызықты командалық сынақ түрінде болады, оқушылардың есептерді шешу, практикалық жұмыс, коммуникация және топта жұмыс істеу машықтарын тексеруге бағытталады.

  • Ағылшын тілі олимпиадасы

21 мамыр күні Haileybury Astana мектебінде жыл сайын өткізілетін Ағылшын тілі олимпиадасы орын алды. Қиыншылықтармен қоса қызыққа толы ағылшын тілі олимпиадасы Haileybury Astana мектебі мен Нұр-Сұлтан қаласындағы өзге де білім ордаларымен арадағы жалғаушы көпір қызметін атқарады.

Конференциялар

  • TEDxYouth@HaileyburyAstana

TEDxYouth конференциясы осымен екінші рет Haileybury Astana мектебінде өткізіліп отыр. Конференцияға келген сөйлеушілер «Бірегейлік» тақырыбында өз ойларын ортаға салды. Жыл сайын өткізілетін бұл іс-шараның ұйымдастырылуына толығымен Алтыншы форма оқушылары жауапты, сол себепті де конференцияны өз деңгейінде, жоғары дәрежеде өткізгендері үшін алғысымыз шексіз. 

  • HASTMUN 2021 (Haileybury Astana Біріккен Ұлттар ұйымы конференциясы -Haileybury Astana Model United Nations Conference)

Біріккен Ұлттар ұйымы үлгісі конференциясына Алтыншы форма оқушылары түгел қатысуға құқылы. HASTMUN іс-шарасы халықаралық конференциялар мен өзге де ұйымдастырылатын кештерге қатысуға қызығушылық танытатын оқушыларға арналған. Оқушылар конференция барысында қоғамдық елшілік пен жанжалдардың алдын алу, бітімгершілікті дамытуға қатысты тақырыптарды талқылауға мүмкіндік алды.

Іс-шаралар

Haileybury Astana мектебінде біз әртүрлілік пен мәдени өзгешелікті қолдаудың, сонымен қатар кез келген нәрсені сол күйінде қабылдау мен ашық көзқарасты дамыту маңыздылығына сенеміз. Бұл біздің шәкірттеріміздің өмірін қызықты және жан-жақты ету мақсатында, сондай-ақ олардың бір-бірін сыйлап, құрметтеуді бойларына сіңіруге көмектесу үшін де жасалады. Наурыз мейрамы мен Халықтар бірлігі күнінде өткізілген көңілді де мәнді іс-шаралар мектеп қауымдастығын біріктіріп, қайырымдылық істерін ұйымдастыруға себепкер болды.

Математика пәнінен жеткен жетістік

Оқу жылы барысында біздің бастауыш және жоғары сынып оқушылары математикалық олимпиадаларға белсенді қатысты. Біздің Халықаралық бакалавриат бөліміндегі оқушымыздың бірі Мерей осы пәнге деген қабілетін әртүрлі олимпиадалар мен математикалық есептерде анық көрсете алды. Ол Азия-Тынық мұхиты елдерінің математикалық олимпиадасында үшінші орынға ие болды, қыздар арасындағы Еуропа математикалық олимпиадада қола медальға қол жеткізсе, ал Ұлттық математикалық олимпиадада күміс медаль иегері атанды.

Оқушылар көшбасшы тобы

Көшбасшылық, қарым-қатынас және өзіне деген сенімділік қасиеттерін дамыту мақсатында Алтыншы форма оқушылары Оқушылар көшбасшы тобы (PLT) сайлауына қатысуға шақырылды. Оқушылардың қажеттіліктерін анықтау және сыныптастарының пікірін айту олар үшін қызықты тапсырма болды.

Жаңалықтар
27.09.2022
Ағылшын тілі пәні бойынша олимпиадаға тіркеу ашық
Haileybury Astana мектебінің Ағылшын тілі департаменті қызығушылық танытқан барлық оқушыларды ағылшын тілі пәні бойынша екінші рет өткізілгелі отырған олимпиадаға қатысуға шақырады. Біз олимпиаданың қатысушыларға пән бойынша өз білімдерін сынап, оны қолданудағы шеберліктері мен машықтарын көрсетуге керемет мүмкіндік береді деп сенеміз.
26.09.2022
Haileybury Astana мектебінде білім алуға берілетін шәкіртақы туралы
Haileybury Astana мектебінде 2023-2025 оқу жылында Халықаралық бакалавриат бағдарламасы бойынша білім алуға арналған толық және жартылай шәкіртақысына ие болу үшін тіркеу ашылды (12-13 сыныптар).
23.09.2022
Әлемдік тең мүмкіндіктер үшін £2,500-ден астам қаражат жиналды
17 қыркүйек күні Қазақстанда ерекше балалар арасында спорттық ойындарды дамытумен айналысатын "Тең мүмкіндіктер әлемі" қорын қолдау мақсатында "Haileybury Day" қайырымдылық іс-шарасын өткіздік.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат