Haileybury Astana мектебі оқушыларының ресми YouTube арнасындағы TED Talks бағдарламасында сөйлеген сөздері

Haileybury Astana мектебі оқушыларының ресми YouTube арнасындағы TED Talks бағдарламасында сөз сөйлеулері

2021 жылы 14 тамызда дүние жүзі бойынша TED стиліндегі іс-шаралар ұйымдастыратын TEDx халықаралық қауымдастығы өзінің ресми YouTube арнасындағы TEDx Talks бағдарламасында HaileyburyAstana мектебі оқушыларының және іс-шараға келген қонақ спикерлер қатысқан TEDxYouth@HaileyburyAstana бейнебағдарламасын жариялады. Барлық бейнебағдарламалар қарау үшін қол жетімді.

TEDxYouth@HaileyburyAstana іс-шарасын “FORWARDS” тақырыбында ұйымдастырды. Аталған тақырып өмірде кездесетін кез келген қиындыққа қарамастан, тайсалмай жеңіп шығып, болашаққа бастау деген мағынаны көпшілікке жеткізу мақсатында таңдап алынды. Haileybury Astana мектебінің үш оқушысы, Назарбаев университетінің студенті, денсаулық сақтау бөілімінің мамандары, сонымен қатар Голландия мен Германия елшіліктерінің өкілдері Андре Карстенс пен Холгар Колли көрермендермен өз тәжірибелерімен және идеяларымен бөлісті. Өткен оқу жылындағы ешқандай қиындыққа қарамастан мектебіміздің оқушылары дәл осындай мағыналы әрі маңызды, таңғажайып іс-шараны өз дәрежесінде ұйымдастырып өткізе алды.

TEDxYouth іс-шарасына 60-тан аса адам қатысып, таныстырылымдарды қарастырып, бір-бірлерімен талқыға салып, жақсы уақыт өткізді. Осындай керемет іс-шараны өткізген мектебіміздің оқушыларын мақтан тұтамыз және осы шараға қатысқан әрбір қатысушыға алғысымызды білдіреміз!  Сіздер де оқушылардың іс-шарада сөйлеген баяндамаларын үйіңізде отырып ресми YouTube арнасынан TED Talk бағдарламасын табу арқылы тамашалай аласыз.

Руслан Шегай, Темірлан Исмаилов, Холгар Колли, Айнұр Бекеноваға, Андре Карстенсқа, Барби Забельскиге, сонымен қатар Haileybury Astana мектебінің 13-ші сынып оқушылары Саша, Алима және Таирға керемет сөйлеген сөздері үшін рақмет айтамыз! TEDxYouth@HaileyburyAstana командасына аталған іс-шараны ұйымдастырғандары үшін ерекше алғысымызды білдіреміз!

TEDxYouth@HaileyburyAstana

HaileyburyAstana мектебі оқушыларының TEDxYouth@HaileyburyAstana іс-шарасындағы сөйлеген сөздері

Атаулы іс -шараны Халықаралық бакалавриат (IB) дипломы бағдарламасының студенттері Ахмет, Әйгерім, Альфайс, Роланд және Йан ұйымдастырды. Халықаралық бакалавриат бағдарламасы-бұл өз бетінше білім алуды, көшбасшылықты және халықаралық көзқарасты дамыту үшін білікті мұғалімдермен әзірленген ғаламдық сұранысқа ие курс.
Haileybury Astana-бұл студенттерге TEDxYouth @ Haileybury Astana сияқты өз жобаларын құруға және ұйымдастыруға мүмкіндік беретін, осындай бағдарламаны ұсынатын Нұр-Сұлтан қаласындағы бірнеше мектептердің бірі.
TEDxYouth@HaileyburyAstana порталын қарау
HaileyburyAstana мектебі оқушыларының TEDxYouth@HaileyburyAstana іс-шарасындағы сөйлеген сөздері
Жаңалықтар
15.03.2023
HASTMUN 2023
HASTMUN 2023 - бұл Біріккен Ұлттар Ұйымының студенттік модел (MUN) конференциясы. Онда жастар жаһандық мәселелерді талқылау үшін жиналады. Биыл студенттер "Әділетсіздікті неғұрлым әділ болашақ үшін жұмсарту" атты тақырыпты өздері таңдады.
14.03.2023
"KNAMM" өнер көрмесі
9 наурызда Haileybury Astana Art факультеті 13 сынып, IB студенттері ұйымдастырған "KNAMM" көрмесінің есігін ашты. "КНАММ" сөзі орыс тілінен аударғанда "бізге кел" дегенді білдіреді және де көрмені ұйымдастырған студенттердің есімдерінің аббревиатурасы: Камилла, Наира, Анар, Мерей және Мария.
06.03.2023
Дүниежүзілік кітап күніне арналған шеру
Өткен аптада Бастауыш сынып оқушылары оқу апталығына орай түрлі іс-шараларға қатысты. Апталық "Жұптық оқу" іс-шарасынан басталды. Онда әртүрлі жас топтарының оқушылары бірге кітап оқыды. Кейін оқушылар "'Get caught reading" байқауына қатысты.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат