Haileybury Astana мектебі Халықаралық Бакалавриат Диплом Бағдарламасының (IB) 5 жылдық мерейтойын тойлайды!

Haileybury Astana мектебі Халықаралық Бакалавриат Диплом Бағдарламасының (IB) 5 жылдық мерейтойын тойлайды!

Біз мектебіміздің Дипломдық бағдарламаны ұсынатын IB халықаралық мектебі мәртебесіне ие болуын мақтан тұтамыз, бұл біз үшін зор мақтаныш болып табылады. Біз ұстаздарымызға, оқушыларымызға және ата-аналарымызға қажырлы еңбектері, адалдықтары және ең жақсы әлем құруға қосқан үлестері үшін алғыс айтамыз.

Халықаралық бакалавриат дипломы бағдарламасы 16-19 жас аралығындағы оқушыларға арналған академиялық күрделі бағдарлама, ол студенттерді университетте оқу барысында және одан тыс жердегі болашақ өмірге дайындайды. Бүкіләлемдік Халықаралық бакалавриат дипломы бағдарламасы (IB) мектебі ретінде біз академиялық жетістіктерге қол жеткізетін және университетте үздік нәтиже көрсететін болашақ көшбасшылар ұрпағын тәрбиелеуге тырысамыз. Біздің басты мақсатымыз – болашақта сұраныста болатын қажетті дағдыларды бойларына сіңіре алатын әрі ие болатын әлем азаматтарын тәрбиелеу.

Бұл қызықты курс жастарға көптеген мүмкіндіктер береді. Алған білімдерін зерттеп, талдап, жинақталған тәжірибені ой елегінен өткізеді. Біздің Халықаралық бакалавриат дипломы бағдарламасы (IB) оқытушылары студенттерді бірлесіп жұмыс істеуге және дұрыс ақпараттың әртүрлі көздерін пайдалануға шақырады.

Әртүрлі ақпарат көздерін пайдалану студенттерге теріс пікірді жеңуге және өздерінің ой-өрісін кеңейтуге көмектеседі.

Haileybury Astana мектебіндегі Халықаралық бакалавриат дипломы бағдарламасы (IB) туралы көбірек білгіңіз келсе, төмендегі түймені басыңыз.

Халықаралық бакалавриат бағдарламасы туралы
IB QA walk with Headmaster
IB QA walk with Headmaster
IB Scholarship students about their first impressions in Haileybury Astana
IB Scholarship students about their first impressions in Haileybury Astana
IB results: Haileybury Astana 2021
IB results: Haileybury Astana 2021
Жаңалықтар
15.03.2023
HASTMUN 2023
HASTMUN 2023 - бұл Біріккен Ұлттар Ұйымының студенттік модел (MUN) конференциясы. Онда жастар жаһандық мәселелерді талқылау үшін жиналады. Биыл студенттер "Әділетсіздікті неғұрлым әділ болашақ үшін жұмсарту" атты тақырыпты өздері таңдады.
14.03.2023
"KNAMM" өнер көрмесі
9 наурызда Haileybury Astana Art факультеті 13 сынып, IB студенттері ұйымдастырған "KNAMM" көрмесінің есігін ашты. "КНАММ" сөзі орыс тілінен аударғанда "бізге кел" дегенді білдіреді және де көрмені ұйымдастырған студенттердің есімдерінің аббревиатурасы: Камилла, Наира, Анар, Мерей және Мария.
09.03.2023
The Peer Education Project
Peer Education Project (PEP) - бұл барлық британдық және халықаралық мектептерге арналған ментал денсаулықты қолдайтын бағдарлама. Қазақстанда Haileybury Astana мектебі бағдарламаны білім беру жүйесіне енгізген алғашқы мектеп.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат