Haileybury Astana студенті бал билері байқауында екінші орынға ие болды

Бимен айналысқаныңызға қанша уақыт болды?

Мен билеуді 7 жасымнан бастадым, яғни ол 2016 жыл. Мен спорттық би түрімен осынша ұзақ уақыт айналысамын деп және өзімді Қазақстанның спорпттық би түрінен зор атаққа ие болған спортшы атанамын деп те ешқашан ойламаппын. ТМД елдерінің чемпионатында Қазақстан атынан шығамын деп үміттенген де емеспін. Осы спортпен шұғылданғаныма 7 жылдың жүзі болды және көп нәрсе үйрете білді. Адамдармен қарым-қатынас жасауды, өзіңді-өзің тәртіпке шақыра білуді, өз жолдастырмды сыйлауды, тәуелсіз болуды, сонымен қатар ең бастысы, шыдамды болуды үйретті.

Бидің жаныңызға жақын, шабытыңыз екенін қалай түсіндіңіз?

Бидің жанымма жақындығын, шабытым екендігін өзімнің онымен біте қайнасып, тиесілі екенімді түсіндім. Спорттық би қауымдастығы жаныма жақын, өзімді жайлы сезінемін. Спорттық билеуде менің ең жақсы көретінім, ол физикалық жаттығу жасалумен ғана шектелмейтін жалғыз спорт түрі, өз кезегінде ол өнермен, музыкамен және әсемділікпен де тығыз байланысты. Әшекей тастармен безендірілген әдемі костюмдер, әсем көйлектер, ер адамдардың киімдері, ерекше жасалатын шаш сәндеуі мен бояну үлгісі. Спорттық би дегеніміз әсем би билеу. Жақсылап билеу үшін көптеген физикалық дайындық жасау қажет, бұл сонымен қатар жай-күйіңе де қатты әсер етеді. Спорттық би дегеніміз қарама-қарсы жыныстағы екі түрлі адамның команда ретінде бірігіп жұмыс істеуі,үйлесімді қарым-қатынас жасай отырып, жақсы нәтижеге қол жеткізу.

Өмірде үлкен жетістіктерге қол жеткізу сіз үшін қаншалықты маңызды?

Менің ойымша, өміріңде үлкен жетістіктерге қол жеткізу деген басыңнан өткізетін керемет тәжірибе немесе сезінуге болатын тамаша сезім. Жеке басым, мен үшін, өз өмірімде үлкен, айтулы жетістікке қол жеткізу өте маңызды, олай дейтінім, өзің ауыз толтырып айтатын нәтижеге қол жеткізгенде керемет күй кешесің, өз өміріңде тұрарлық іс жасағаныңды сезінесің, сонымен қатар өміріңді текке өткізбегеніңді білесің. Зор табысқа, керемет нәтижеге қол жеткізу, әрине, қиын, ешкім оны оңай деп айта алмайды. Алайда ең соңғы межелі нүктеде сен өзіңді мақтан тұтып, жасаған ісіңді рақаттанып еске алатын боласың.

Спорт жасау арқылы сіз нені үйрендіңіз – бұл әрекеттің сіздің күнделікті және мектептегі өміріңізге қандай көмегі бар?

Спортшы болу деген өз мінезіңді қалыптастыру дегенді білдіреді, сонымен қатар кәсіби спортшы атану деген сенің белгілі тәртіпті, тәуелсіз, шыдамды, мықты мінезді және күнделікті қиындықтармен бетпе-бет келу деген сөз. Бұл әдеттер маған тек спортта ғана көмектесіп қоймай, күнделікті өмірімде де, мектептегі сабағыма да өз әсерін бірдей тигізуде.

Болашаққа қандай жоспарыңыз бар?

Келешекте не болатынын дәл кесіп айту қиын, әлемнің қалай өзгеріп, алдымызда не күтіп тұрғанын ешкім де білмейді. Тек бір нәрсе ғана айта аламын, алдағы уақытта алдыма қойған мақсаттарыма қол жеткізуге барымды саламын. Олардың кейбіреуіне қол жеткізу аса қиындық туғызбайды, дегенмен кейбірін жүзеге асыру үшін барымды салып, еңбектенуіме тура келеді.

Жаңалықтар
25.03.2024
Мектеп Наурызды жарқын мерекелермен атап өтеді!
Өткен аптада біздің мектеп көктемнің жаңаруы мен келуін бейнелейтін Наурыз мерекесінің қуанышты рухына толы болды.
20.03.2024
13 сынып оқушылары беделді Британиялық Колумбия университетіне қабылданды
13 сыныптың үш үздік студенті Канададағы беделді Британиялық Колумбия университетіне (UBC) қалаған оқуына түсіп, үлкен жетістікке ие болды.
18.03.2024
Беделді CERN-Solvay студенттік лагеріне қатысу үшін 12-сынып стипендиаты Әбілмансұр таңдалды
Біз 12-сынып оқушыларының бірі Әбілмансұр Швейцарияның Женева қаласындағы әйгілі Еуропалық ядролық зерттеулер орталығы CERN-дегі беделді CERN-Solvay студенттік лагеріне қатысу үшін таңдалғанын қуана хабарлаймыз.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат