«Haileybury’s Got Talent» талант шоуының жеңімпаздары

«Haileybury’s Got Talent» талант шоуының жеңімпаздары

Haileybury Astana мектебінің жоғары мектеп мұғалімдері ең соңғы Enrichment апталығы аясында біздің оқушыларымыз үшін қызықты іс-шараларға толы ауқымды жоспар әзірледі. Оқушылар жыл бойы аянбай тер төгіп, қауырт апталарды артта қалдырды, сондықтан білім алу процесінен демала отырып, оқу бағдарламасын байытатын және практикалық білімді одан әрі кеңейте түсетін түрлі жобаларға атсалысу пайдалы болып табылады.

Оқу жылының соңғы аптасы оқушыларға өз машықтарын дамытуға және жаңа нәрселермен таныс болуға мүмкіндік беретін әртүрлі және қызықты іс-шараларға толы. Біз биылғы Enrichment апталығын жыл сайын өткізілетін Haileybury's Got Talent шоуымен бастадық. Жоғары сынып оқушылары аталған іс-шараға қатысып, өз өнерлерін ортаға салуға ұсыныс жасалды.

Оқушылар өздерінің жан-жақты талант иелері екендерін дәлелдеп, акапелла айтудан бастап қысқаметражды фильмді анимациялауға дейін қолдарынан келетін түрлі өнерлерін көпшілік назарына ұсынды. Әрбір қойылымның қайталанбас, керемет болғаны даусыз. Әділ қазылар дауыс беруден кейін жеңімпаздардың есімдерін жариялады.

Халықаралық Бакалавриат бөлімінің 12-сынып оқушылары Айсофия мен Узейраны бірінші орын алуларымен шын жүректен құттықтаймыз. Сонымен қатар Haileybury's Got Talent бағдарламасында екінші орын алған Лили (10-сынып), Сарон және Дарьяны (9-сынып) да құттықтаймыз. Таланттар байқауына 9-сынып оқушысы Милана да қатысып, құрметті үшінші орынды иеленді.

Haileybury's Got Talent шоуының жүргізушісі болған 10-сынып оқушысы Эрихке алғыс айтамыз. Жиналған көрермендермен тіл табыса отырып, сайысқа қатысушылардың қойылымдарының жүректен жүрекке жеткізілуіне септігін тигізе білді.  

Жаңалықтар
15.03.2023
HASTMUN 2023
HASTMUN 2023 - бұл Біріккен Ұлттар Ұйымының студенттік модел (MUN) конференциясы. Онда жастар жаһандық мәселелерді талқылау үшін жиналады. Биыл студенттер "Әділетсіздікті неғұрлым әділ болашақ үшін жұмсарту" атты тақырыпты өздері таңдады.
14.03.2023
"KNAMM" өнер көрмесі
9 наурызда Haileybury Astana Art факультеті 13 сынып, IB студенттері ұйымдастырған "KNAMM" көрмесінің есігін ашты. "КНАММ" сөзі орыс тілінен аударғанда "бізге кел" дегенді білдіреді және де көрмені ұйымдастырған студенттердің есімдерінің аббревиатурасы: Камилла, Наира, Анар, Мерей және Мария.
09.03.2023
The Peer Education Project
Peer Education Project (PEP) - бұл барлық британдық және халықаралық мектептерге арналған ментал денсаулықты қолдайтын бағдарлама. Қазақстанда Haileybury Astana мектебі бағдарламаны білім беру жүйесіне енгізген алғашқы мектеп.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат