22 сәуір бүкіл әлем Жер күнін атап өтеді, ал биыл осы ерекше оқиғаның 50 жылдығын атап өтеді.

Жер күнінің миссиясы – адамдарға білім беру және бүкіл әлем бойынша экологиялық қозғалысты жандандыру. Жер күнінің тақырыбы – климаттың өзгеруіне қарсы күрес. Бастауыш мектепте оқушылар Жер күнін қолдайтындарын үйде белгілер мен плакаттар жасау арқылы көрсетті.

Бұл басқа адамдарды Жер күні туралы көбірек білуге шабыттандырады деп сенеміз. Сонымен қатар, Zoom конференцияларында бастауыш сынып оқушылары климаттың өзгеруі туралы біліп, Kahoot викторинасына қатысты, сонымен қатар жасыл және көк түсті киімді киіп Жер Күніне қолдау көрсетті. KS1 оқушылары тұқым отырғызып, көкөністер өсірді.

Сонымен қатар, 1-сынып оқушылары табиғи және жасанды жарық көздері деген не екенін білді. Ван Гогтың «Жұлдызды түнін» пайдаланып, олар түнде жұлдыздардың жарқырауы туралы талқылады. Олар қошаған ортаның жарық кесірінен ластануы және шамды өшіріп, аз электр қуатын пайдалану туралы әңгімелесті.

Жоғары сынып мен KS2 оқушылары Ұлыбританиядағы «Earth Day Art Make-in» аталатын Ұлттық денсаулық сақтау қызметі қаһармандарын қолдау аясында ұйымдастырылатын виртуалды іс-шараға Хаустар терезелеріне кемпірқосақ өрнектерін жапсыру арқылы қатыса алады. Жоғары сынып оқушылары Жер күнін қолдауға Хаустар арасындағы жарыстарға қатысып, қолдау көрсетті. Олар экология мектебінің 10 сынып оқушысы Ралина ұйымдастырған викторинаға қатыса алады. Сонымен қатар, жоғары сынып оқушылары Fashion Trash Fashion Show іс-шарасына киім немесе аксессуар жасай алады

Жаңалықтар
15.03.2023
HASTMUN 2023
HASTMUN 2023 - бұл Біріккен Ұлттар Ұйымының студенттік модел (MUN) конференциясы. Онда жастар жаһандық мәселелерді талқылау үшін жиналады. Биыл студенттер "Әділетсіздікті неғұрлым әділ болашақ үшін жұмсарту" атты тақырыпты өздері таңдады.
14.03.2023
"KNAMM" өнер көрмесі
9 наурызда Haileybury Astana Art факультеті 13 сынып, IB студенттері ұйымдастырған "KNAMM" көрмесінің есігін ашты. "КНАММ" сөзі орыс тілінен аударғанда "бізге кел" дегенді білдіреді және де көрмені ұйымдастырған студенттердің есімдерінің аббревиатурасы: Камилла, Наира, Анар, Мерей және Мария.
09.03.2023
The Peer Education Project
Peer Education Project (PEP) - бұл барлық британдық және халықаралық мектептерге арналған ментал денсаулықты қолдайтын бағдарлама. Қазақстанда Haileybury Astana мектебі бағдарламаны білім беру жүйесіне енгізген алғашқы мектеп.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат