HASTMUN 2023

HASTMUN 2023 - бұл Біріккен Ұлттар Ұйымының студенттік модел (MUN) конференциясы. Онда жастар жаһандық мәселелерді талқылау үшін жиналады. Биыл студенттер "Әділетсіздікті неғұрлым әділ болашақ үшін жұмсарту" атты тақырыпты өздері таңдады.

Конференцияға әртүрлі халықаралық мектептердің, тіпті өзге қалалардың студенттері қатысты. Онымен қоса, 180 астам өтінім алғанымызды хабарлауға қуаныштымыз. Көңілді және шынайы пікірталас арқылы студенттер жаһандық маңызы бар мәселелерді қарастырады және көпшілікке қолайлы шешімдерді ұсыну үшін бірлесіп жұмыс істейді. HASTMUN 2023-те керемет нәтиже көрсеткен студенттерімізді құттықтағымыз келеді:

Зере, 11 класс, Үздік делегат сыйлығы;
Алима, 11 класс, Үздік делегат сыйлығы;
Қатал, 10 класс, Құрметті ескерту;
Шарон, 10 класс, Құрметті ескерту;
Катен, 7 класс, Құрметті ескерту;
Джозеф, 9 класс, Құрметті ескерту;
Томирис, 10 класс, Позиция туралы ең жақсы есеп үшін сыйлық;
Шарлотта, 7 класс, Позиция туралы ең жақсы есеп сыйлығы;
Дарина, 7 класс, Позициясын үздік көрсеткен баяндама үшін марапат.

HASTMUN керемет өтті және келесі жылғы HASTMUN 2024-ті асыға күтеміз!

Жаңалықтар
21.09.2023
Ұлттық пікірсайыс байқауына тіркелу
Астана оқушыларын 14 қазан күні Haileybury Astana мектебінде өтетін алғашқы ұлттық дебат байқауына қатысуға шақырамыз. Дебат әлемдік стандарттарға сай өтеді. Ал үздік команда Haileybury Almaty мектебінде бір уақытта өтетін дебат жеңімпаздарымен ойнайтын болады.
19.09.2023
Haileybury күні
16-шы қыркүйек күні жыл сайынғы Haileybury Day қайырымдылық іс-шарасы өткен болатын. Мектептің барлық мүшесі іс-шараға белсенді түрде қатысты. Бастауыш және жоғары мектеп мұғалімдері оқушылар мен іс-шара қонақтары үшін ойындар өткізді.
07.09.2023
IGCSE емтихан нәтижелері 2023
Cоңғы IGCSE нәтижелерімен бөлісуге қуаныштымыз! 2023-2024 оқу жылын IBDP және IGCSE емтихандары бойынша керемет нәтижелермен бастау біз үшін үлкен қуаныш.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат