Сыныптан тыс оқу

Сыныптан тыс оқу

Жоғары сынып оқушыларының ата-аналарын мектептен тыс оқуға байланысты таныстырылымға қатысуға шақырамыз. Ата-аналармен серіктестік бағдарламасы аясында ТОК үйлестірушісі, өнер бөлімінің басшысы Мэдден мырза, ағылшын тілі мұғалімі Белл мырза және ересек мектеп директоры Фрейзер ханым (12-13 сыныптар) IB Core туралы таныстырылым жасап, негізгі мәселелер бойынша сөз қозғайды.

IB Core үш құрамдас бөліктен тұрады:

  1. Кеңейтілген эссе (EE) – оқушыны қызықтыратын тақырып бойынша 4000 сөзден тұратын эссе.

  2. Білім теориясы (TOK) курсы оқушыларды өз көзқарастары бойынша білім негіздері мен шегіне күмән келтіріп, өз негіздемелерін ұсынуға шақырады.

  3. CAS (Шығармашылық, әрекет және қызмет) - Оқушылар әртүрлі әрекеттерді ой елегінен өткізе отырып, сол бойынша тапсырмалар орындайды. Бұл музыкалық аспапта ойнауды үйрену, спорттық дағдыларды жақсарту немесе оқу тәлімгері ретінде жұмыс істеуді қамтуы мүмкін. Мектеп оқушыларды белсенді түрде қатысуға шақыратын сыныптан тыс шаралардың түр-түрін ұсынады

Haileybury Astana мектебі сыныптан тыс оқуға көп көңіл бөлетіндіктен, біз сізді тұсаукесерде асыға күтеміз!

  • Күні: 14 желтоқсан.

  • Уақыты: 14:00.
  • Өтетін орны: Акопян ханымның кеңсесі. 

Қарым-қатынас жасауға қолдау және аударма қажет болғанда көмек көрсету үшін орыс тілді қызметкер болады

Егер қандай да бір сұрақтарыңыз болса, Индирамен төменде берілген емайл адресі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: i.zholumbetova@haileyburyastana.kz

Жаңалықтар
03.10.2023
Haileybury Astana мектебінде білім алуға берілетін шәкіртақы туралы
Haileybury Astana мектебінде 2024-2026 оқу жылында Халықаралық бакалавриат бағдарламасы бойынша білім алуға арналған толық және жартылай шәкіртақысына ие болу үшін тіркеу ашылды (12-13 сыныптар).
26.09.2023
Astana Physics Battles Haileybury Astanaда
Haileybury Astana еліміздің түкпір-түкпірінен келген физик-энтузиастарды Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы Astana Physics Battles турниріне шақырады! 4-5 адамнан тұратын командалар физикадан олимпиадалық есептерді шешу, презентациялау және қарсыластардың жасаған қателерін табу қабілеттерін сынайтын болады.
21.09.2023
Ұлттық пікірсайыс байқауына тіркелу
Астана оқушыларын 14 қазан күні Haileybury Astana мектебінде өтетін алғашқы ұлттық дебат байқауына қатысуға шақырамыз. Дебат әлемдік стандарттарға сай өтеді. Ал үздік команда Haileybury Almaty мектебінде бір уақытта өтетін дебат жеңімпаздарымен ойнайтын болады.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат