Haileybury Astana оқушысы Азия-Тынық мұхит математикалық олимпиадасынан үшінші орын алды

Haileybury Astana оқушысы Азия-Тынық мұхит математикалық олимпиадасынан үшінші орын алды

Халықаралық бакалавриат (IB) дипломдық бағдарламасының 12-сынып оқушысы Мерей математика пәнін неліктен сонша жақсы көретінін және бұл пәнге деген құмарлығы қай кезден бастап ашылғанын айтып берді. Математика – әркімге ұнай бермейтін ерекше пән. Математикадан хабардар болғандықтан, Мерей бұл пәнді қиын деп санайтын кейбір оқушыларды жігерлендіретін сөздер айтты.

Жәутіков олимпиадасының жеңімпазы болу қандай екен? Қандай сезімдесіз?  Бұл сіздің математикалық сайысқа бірінші рет қатысуыңыз ба?

Мен өте бақыттымын. Бұл менің Олимпиадаға бірінші қатысуым емес. Бірнеше жылдан бері математикадан түрлі олимпиадаларға қатысып жүрмін.

Математикаға деген құмарлығыңызды қай кезден бастап байқадыңыз?

Бұл бастауыш мектепте болды. Мен өзімнің бір сыныптасыммен жарысып, математика есептерін одан тезірек шешуге тырыстым, бұл өте қызықты болды.

Математика пәнін жақсы көруіздің бірнеше себебін атай аласыз ба?

Ең алдымен, оның сұлулығы үшін. Маған кейбір теоремалар мен тұжырымдамаларды дәлелдеп, содан кейін оларды басқа күрделірек мәселелерге қатысты қолдануға болатынын ұнатамын. Бұл кішігірім қадамдардың нәтижесінде үлкен нәрсеге жетуге болатынын көруге көмектеседі. Екінші себеп, мүмкін, бұл менің қолымнан келетіні. Әрине, мен барлық мәселелерді шеше алмаймын, бірақ ең болмағанда нәрселерді түсініп, көбірек біле аламын.

Сіз Еуропалық математикалық олимпиадаға қатысу үшін Қазақстан командасына ендіңіз. Сіз бұл туралы білгенде қандай сезімде болдыңыз?

Бұл үлкен тосынсый болған жоқ, өйткені мен іріктеу олимпиадасы бойынша өзімнің нәтижелерімді басқалардың нәтижелерімен салыстырғанда қандай екендігін білетінмін. Дегенмен, командада болғанымды мақтан тұтамын.

Haileybury Astana мектебінде оқып жатқаныңызға қанша уақыт болды?

Бұл менің Haileybury Astana мектебіндегі білім алып жатқан бірінші жылым.

Haileybury Astana мектебінде математика пәнін оқытуда қандай әдіс-тәсілдер қолданады?

Бұл жергілікті қазақ мектептеріндегі, қазақстандық білім беру жүйесіндегі мен көріп жүргендерден айтарлықтай өзгеше дер едім. Әрине, мен өзім көп жылдар бойы білім алған, яғни қазақстандық мектептерде қолданылып жүрген тәсілге үйреніп қалдым. Дегенмен, мен тек ХБ бағдарламасын оқимын және мектеп бойынша пәнді оқыту тәсілі туралы жалпы мәлімдеме жасай алмаймын.

Математика пәнін қиынсынып жүрген оқушыларға жігерлендіру мақсатында арнап айтатын сөздеріңіз бар ма?

Математика, жаратылыстану немесе басқа пәндер бойынша үздік оқушы болудың қажеті жоқ. Сіз мейлінше бар күшіңізді салуға тырысуыңыз керек. Ең бастысы, өзің жақсы көретін және қолыңнан келетін іспен айналысып, өмірден ләззат алу.

Азия-Тынық мұхиты елдерінің математикалық олимпиадасында үшінші орын!

Азия-Тынық мұхиты елдерінің математикалық олимпиадасы (APMO) – Тынық мұхиты аймағындағы елдер арасында жыл сайын өткізілетін математикалық жарыс. APMO өз жұмысын 1989 жылдан бастап жүргізіп келеді. Байқаудың басты мақсаты – математика пәні бойынша дарынды жоғары сынып оқушыларды анықтау, іріктеу және ынталандыру. Орталық комиссия 4 сағат ішінде шешімін табуы тиіс бес сұрақтан тұратын жұмысты таңдап, бағалау кестесін жіберіп, жеңімпаздарды анықтайды.

Бұл Халықаралық бакалавр дипломдық бағдарламасы бойынша білім алатын12-сынып оқушысы Мерей үшін керемет жетістік.

Haileybury Astana мектебінің ұжымы Мерейге қолдау көрсеткені үшін мектебіміздің олимпиада мұғалімі Мағжан Қабашевқа және математика кафедрасына алғысын білдіреді. Мерейге жаңа сынақтарда сәттілік тілейміз!

Жаңалықтар
24.04.2024
Анна Нидерландыдағы жетекші университеттерге биология бакалаврына қабылданды
Академиялық шеберліктің әсерлі көрінісінде Анна Биология бакалавры дәрежесін алу үшін Нидерландының бірнеше беделді университеттеріне қабылданды.
23.04.2024
Haileybury Astana Nursery балабақшасының қосымша сыныбын ашады
Қабылдау 2024 жылдың тамызынан басталады
22.04.2024
Haileybury Astana 4-ші жыл сайынғы hastmun конференциясын сәтті өткізеді
Haileybury Astana жақында көптен күткен 4-ші жыл сайынғы HASTMUN конференциясын аяқтады, ол 13-14 сәуірде үлкен табыспен өтті.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат