Біздің жүрегіміз Қазақстан халқымен бірге

Елдегі соңғы оқиғалардан кейін, біздің Haileybury қауымдастығындағы барлық адамдар  қауіпсіз және сау екендігіне үміттенеміз және біз алдағы апталарда екі қаладағы мектептерді қауіпсіз ашу үшін жоспар жасап жатырмыз. 

Құрметті ата-аналар,

Соңғы күндердің қайғылы оқиғалары баршамызды қынжылтты. Қазіргі таңда Қазақстан елі қалыпты жағдайға оралу үшін барын салуда және біз Haileybury соңғы оқиғалардың қиындықтарына, сондай-ақ Covid жағдайына қарсы тұру көптеген іс-шаралар атқарып жатырмыз. Мектеп кез келген жағдайларға дайын болу үшін біздің Директор Джон Коулз және оның ұжымы дайындық үстінде.

Өздеріңіз білетіндей, Бас Санитарлық Дәрігер мектептер 31 қаңтарға дейін онлайн оқитын болады деп шешті. Сонымен қатар жақын арада біз әдеттегідей офлайн режимінде жұмыс істейтіндігімізге сенімдімін. Ізгі-ниетпен, алдағы апталарда қауіпсіз және нәтижелі жұмысты тілеймін.

Құрметпен,

Йен Хант

Басқарушылар Кеңесінің Төрағасы

Құрметті ата-аналар!

Біз алматылықтарға, әсіресе өткен аптада орын алған келеңсіз оқиғалар барысында жақындарынан айырылған әр отбасына шын жүректен қайғыра көңіл айта отырып, мейлінше қолдауымызды білдіргіміз келеді. Мұндай кезеңде табысқа жету үшін қоғамның бірлігі өте маңызды. Қазақстандағы екі Haileybury мектебі әртүрлі қалаларда орналасқанына қарамастан, біз бауырлас мектебімізбен өте тығыз байланыстамыз және оларға көмек көрсету мүмкіндігінің бар болғандығына дән ризамыз.

Қандай жағдай орын алса да, мектеп ұжымының қауіпсіздігі әрқашан да біз үшін ең маңызды әрі басты басымдылығымыз болып табылады және біз жаңа оқу тоқсанының ойдағыдай басталуы үшін дайындықтар жүргізіп, қыруар жұмыс жасадық. Біз білім беру мен білім алу үдерісін бастауды және Қазақстанның болашақ көшбасшыларын дамыту мен тәрбиелеуді жалғастыруды асыға күтеміз.

Мен үшін Қазақстан елі жүрегіме жақын, аса қымбат ел. Ержүрек әрі ұлы елдің халқының соңғы бастан кешкен қиындықтарынан тез айығатынына сенімдімін.

Джон Коулз

Haileybury Astana мектебінің директоры

 

Жаңалықтар
18.04.2024
Аиданың беделді университеттерге жұлдызды түсуі
Талант пен адалдықтың таңғажайып көрінісінде Аиданың театр және Өнер факультетіне түсу туралы арманын жүзеге асыру жолы жаңа биіктерге жетті, өйткені ол Ұлыбританиядағы беделді университеттерден бірнеше шақырулар алды.
17.04.2024
Haileybury Astana үшін қызықты жаңалықтар: мектеп формасы дүкені кеңейіп келеді!
Назар аударыңыз, Haileybury Astana барлық студенттері мен отбасылары!
17.04.2024
Haileybury Astana CIS / NEASC алдын ала есебінде табысқа жетті
Haileybury Astana өзінің жақында өткен CIS/NEASC алдын ала есебінде халықаралық білім берудегі кемелдікке деген ұмтылысын растай отырып, мақтауға ие болды.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат