Ағылшын тілі пәні бойынша олимпиадаға тіркеу ашық

Ағылшын тілі пәні бойынша олимпиадаға тіркеу ашық

Haileybury Astana мектебінің Ағылшын тілі департаменті қызығушылық танытқан барлық оқушыларды ағылшын тілі пәні бойынша екінші рет өткізілгелі отырған олимпиадаға қатысуға шақырады. Біз олимпиаданың қатысушыларға пән бойынша өз білімдерін сынап, оны қолданудағы шеберліктері мен машықтарын көрсетуге керемет мүмкіндік береді деп сенеміз. Сонымен қатар бұл өзге оқушылармен ағылшын тілінде қарым-қатынас жасаудың тамаша жолы болмақ.  

Ағылшын тілі бойынша өтетін олимпиада оқушылардың лингвистикалық және қарым-қатынас жасай білу машықтарын тексеруге бағытталған қызықты әрі толқынысқа толы сынақтың бірі болып табылады. Аталған іс-шара 2022 жылы 19 қараша, сенбі күні Haileybury Astana мектебінде өтеді.

Аталған іс-шара 2022 жылы 19 қараша, сенбі күні Haileybury Astana мектебінде өтеді.

Қатысу талаптары:

Бірінші кезең.

  • Өмірдің кез келген мәселелерін шеше алатын, қиындықтарға төтеп беретін тұтас тұлға ретінде қалыптасуыңызға өз біліміңіздің атқарған рөлі туралы көзқарасыңызды анық көрсетіп бере алатын Шығармашылық эссе (кез келген мәтін түрі) жазыңыз.

Екінші кезең.

  • Сайысқа қатысу үшін оқушылар өз шығармашылық жұмыстарын Google Form платформасына 15 қазанға дейін жүктеулері тиіс. Жұмыс көлемі 1000 сөз көлемінде болуы қажет.
  • Жіберілген жұмыстар тексеріліп, 19 қарашадағы сайысқа қатысуға ең үздік 20 жұмыс іріктеліп алынады. Егер сіз 22 қазанға дейін шақырту алмасаңыз, бұл сіздің өтініміңіздің өтпегенін білдіреді.  
  • Іріктеліп алынған оқушы сайысқа жеке өзі келіп қатысуы тиіс.

Өтінім берудің соңғы күні: 15.10.2022.

Егер олимпиадаға қатысты қандай да сұрақтарыңыз болса, j.shannon@haileyburyastana.kz адресіне хат жазуыңызды сұраймыз.

Сәттілік! Haileybury Astana мектебінің ағылшын тілі департаменті сіздердің жұмыстарыңызды асыға күтеді.

Жаңалықтар
23.04.2024
Haileybury Astana Nursery балабақшасының қосымша сыныбын ашады
Қабылдау 2024 жылдың тамызынан басталады
22.04.2024
Haileybury Astana 4-ші жыл сайынғы hastmun конференциясын сәтті өткізеді
Haileybury Astana жақында көптен күткен 4-ші жыл сайынғы HASTMUN конференциясын аяқтады, ол 13-14 сәуірде үлкен табыспен өтті.
19.04.2024
Сән-салтанат кеші: көктемгі доп қуанышты естеліктер тудырады
10 сәуірде кешке 7-9 сынып оқушылары ұмытылмас іс - шараға-10 сынып оқушылары ұйымдастырған алғашқы көктемгі допқа жиналған кезде ауада күту мен толқу сезімі пайда болды.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат