Haileybury Astana-дағы STEM апталығы: Жаңашылдық пен болашаққа жол ашу

Биылғы STEM апталығы Haileybury Astana мектебінде ерекше серпін беріп, оқушыларды жан-жақты және тәжірибеге негізделген іс-шараларға тартты. 

Шығармашылықты оятуға, мәселені шешу дағдыларын дамытуға және топтық жұмысқа ынталандыруға бағытталған STEM апталығы Ғылым, Технология, Инженерия және Математика салаларының шексіз мүмкіндіктерін көрсетті. Апталық барысында оқушылар интерактивті бағдарламаларды кодтау, экологиялық таза шешімдерді жобалау, күрделі роботтарды жинау және қызықты тәжірибелер жүргізу секілді инновациялық жобаларға қатысты. Оқушылар ерекше прототиптер жасап, нақты өмірлік мәселелерді шешуге тырысты. Бұл шаралар тек теориялық білімді тәжірибеге енгізу ғана емес, STEM пәндерінің шынайы өмірдегі қолдану аясын көрсетуге мүмкіндік берді.

Биылғы STEM апталығының ең ерекше тұсы – оқушылардың қызығушылығы мен табандылығы болды. Әрбір тапсырма олардың білімін кеңейтуге, сыни ойлауын дамытуға және көшбасшылық пен топтық жұмыс дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік берді. Оқушылар әр қиындыққа шығармашылықпен және үлкен құлшыныспен қарады.

Haileybury Astana оқушылары STEM тек пәндер жиынтығы емес, болашақты қалыптастырудың, ойлаудың және жаңашылдықтың тәсілі екенін дәлелдеді. Олардың жетістіктері мен күш-жігері тұрақты және технологиялық дамыған әлемге деген ортақ көзқарастарын көрсетті.

Haileybury Astana мектебінде біз оқушыларды тез өзгеретін жаһандық ортада табысқа жетуге қажетті білім мен дағдылармен қамтамасыз етуге тырысамыз. STEM апталығы біздің білім беру тәсіліміздің оқушыларды сенімділік, ізденімпаздық және шығармашылықпен көшбасшылыққа дайындайтынын айқын көрсетеді.

Жаңашылдықтың болашағы осында басталады, және біз оқушыларымыздың оны құштарлықпен қабылдағанына мақтанамыз.

Жаңалықтар
25.11.2026
Балаларды қорғау конференциясының негізгі қорытындылары.
21 қарашада Haileybury Astana мектебінде өткен Keeping Children Safe конференциясында 100-ден астам сарапшы, педагог, мемлекеттік және жекеменшік мектептердің өкілдері бас қосты.
23.11.2026
HAILEYBURY ASTANA TES INTERNATIONAL SCHOOL AWARDS 2026 СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЕКІ НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША ҚЫСҚА ТІЗІМГЕ ЕНДІ!
Haileybury Astana екі номинация бойынша қысқа тізімге енгенін зор қуанышпен хабарлаймыз: International School of the Year – Curriculum («Жылдың үздік халықаралық мектебі – Оқу бағдарламасы»): STEM, робототехника және жасанды интеллект бағыттарындағы инновациялық оқу бағдарламамыз үшін. Teaching Assistant of the Year («Жылдың үздік мұғалім көмекшісі»): бастауыш мектебіміздің аяулы кітапханашысы Мадина Омарбекова.
17.11.2026
Haileybury Astana-дағы мазмұнды сенбі: олимпиадалар, турнирлер және шәкіртақы сынақтары
Сенбі, 14 қараша күні Haileybury Astana түрлі мектеп оқушыларын біріктірген бірнеше іс-шараға алаң болып, оларға қатысты. STEM олимпиадасынан және шәкіртақы алуға арналған сынақтардан бастап, футзал мен шахмат турнирлеріне дейін – бұл күн жас өспірімдерге білім алуға, бақ сынасуға және командада жұмыс істеуге мүмкіндік берді.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат