ЮНЕСКО еріктілері

Өткен аптада 13-сынып оқушылары Айгерім мен Камилла UNESCO ұйымының ерікті өкілі болып тағайындалды. Өткен оқу жылында  олар Haileybury Astana мектебіндегі UNESCO Club клубының белсенді бастамашылары болған еді.

Олардың клубты құрудағы басты мақсаттары мектеп қауымдастығында түрлі білім беру іс-шараларын ұйымдастыру және ерікті өкіл болуға атсалыстыру еді.

Ерікті өкіл болу кезінде олар UNESCO ұйымының атынан түрлі хабарламаларды жеткізу мақсатында бірнеше елшіліктерге барып үлгерді. Бұл сәлемдемелер ішінде оқушылардың және Қазақстандағы UNESCO клубының мүшелерінің өнер саласында жасаған жұмыстары, кітаптары бар. Өнер жұмыстары 2020 жылы аталып өтілген Абай Құнанбайұылының 150 жылдығы мен әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойларына арналған.

UNESCO бұл туындыларды шетелдік елшіліктерді Қазақстанның салт-дәстүрімен, мәдениетімен, сонымен қатар елдің құндылықтарымен таныстыру мақсатында жүргізген болатын. Бұл көркем өнер туындыларында қазақ халықының тұрмыс-салтын, ақындары мен жазушылары, ойшылдары бейнеленген. Осы іс-әрекеттері арқылы аталған ұйым Абай мен әл-Фараби туралы көпшіліктің білімін кеңейтуге және оның қазақ мәдениетіне әсерін арттыруды мақсат етіп отыр. 

Айгерім мен Камилла ұйымның қазақ мәдениетін кеңінен таратуына көмектескілері келетіндіктен ерікті өкілдері болуға қуана-қуана келісімдерін берді.  

Жаңалықтар
15.03.2023
HASTMUN 2023
HASTMUN 2023 - бұл Біріккен Ұлттар Ұйымының студенттік модел (MUN) конференциясы. Онда жастар жаһандық мәселелерді талқылау үшін жиналады. Биыл студенттер "Әділетсіздікті неғұрлым әділ болашақ үшін жұмсарту" атты тақырыпты өздері таңдады.
14.03.2023
"KNAMM" өнер көрмесі
9 наурызда Haileybury Astana Art факультеті 13 сынып, IB студенттері ұйымдастырған "KNAMM" көрмесінің есігін ашты. "КНАММ" сөзі орыс тілінен аударғанда "бізге кел" дегенді білдіреді және де көрмені ұйымдастырған студенттердің есімдерінің аббревиатурасы: Камилла, Наира, Анар, Мерей және Мария.
09.03.2023
The Peer Education Project
Peer Education Project (PEP) - бұл барлық британдық және халықаралық мектептерге арналған ментал денсаулықты қолдайтын бағдарлама. Қазақстанда Haileybury Astana мектебі бағдарламаны білім беру жүйесіне енгізген алғашқы мектеп.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат