Дүниежүзілік кітап күні

Дүниежүзілік кітап күні

Дүниежүзілік кітап күні – жыл сайын аталып өтілетін мереке, биыл оның 25 жылдығы. Бұл апта бастауыш мектеп оқушыларының түгел қатысуын қамтамасыз еткен әртүрлі іс-шараларға толы болды. Барлығы оқу марафонынан басталды, онда әр сынып The Gruffalo кітабынан бір беттен оқып, оны оұқуды әрі қарай жалғастыру үшін келесі сыныпқа берді. 5-сыныптан бастап, ол Y6, Y4, Y3, Y1 сыныптарына және балабақшаның әрбір сыныбына көшіп отырды.

Сонымен қатар, аптаны атап өту үшін оқушылар Синклер ханым мен Коулз мырзаның тікелей эфирдегі әңгімелерін тыңдады. Аптаның қалған күндерінде бастауыш мектеп оқушылары жұппен оқу, есіктерді безендіру және жазу тапсырмаларын орындап, «Оқырманды ұстап алу» фото байқауы, QR кодын жасау, қазына іздеу жаттығулары және поэзия сағаты сияқты іс-шараларды тамашалады.

Haileybury Astana мектебі бүгін Дүниежүзілік кітап күнін атап өтуде! Мерекені қолдау үшін мұғалімдер мен балаларды өздерінің сүйікті кітап кейіпкері ретінде киініп, костюмдер шеруі арқылы аяқтауға шақырды. Балалар киімдерімен мектепті аралап шықты.
Осы апталықты оқушыларымыз үшін ерекше етіп өткізгені үшін бастауыш мектеп ұжымына алғысымызды білдіреміз.

Жаңалықтар
15.03.2023
HASTMUN 2023
HASTMUN 2023 - бұл Біріккен Ұлттар Ұйымының студенттік модел (MUN) конференциясы. Онда жастар жаһандық мәселелерді талқылау үшін жиналады. Биыл студенттер "Әділетсіздікті неғұрлым әділ болашақ үшін жұмсарту" атты тақырыпты өздері таңдады.
14.03.2023
"KNAMM" өнер көрмесі
9 наурызда Haileybury Astana Art факультеті 13 сынып, IB студенттері ұйымдастырған "KNAMM" көрмесінің есігін ашты. "КНАММ" сөзі орыс тілінен аударғанда "бізге кел" дегенді білдіреді және де көрмені ұйымдастырған студенттердің есімдерінің аббревиатурасы: Камилла, Наира, Анар, Мерей және Мария.
09.03.2023
The Peer Education Project
Peer Education Project (PEP) - бұл барлық британдық және халықаралық мектептерге арналған ментал денсаулықты қолдайтын бағдарлама. Қазақстанда Haileybury Astana мектебі бағдарламаны білім беру жүйесіне енгізген алғашқы мектеп.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат