TEDxYouth@HaileyburyAstana: "Сіздің шын мәнінде бірегей болуыңызға не көмектеседі?"

TEDxYouth@HaileyburyAstana: “What makes you truly unique?”

TEDxYouth@HaileyburyAstana  осы кезге дейінгі сөйлеген алдыңғы қатарлы спикерлердің баяндамаларының  YouTube желісіндегі TEDx Talks ресми арнасында  жарияланғанын қуана хабарлаймыз. Бұл осы іс-шараны ұйымдастыруға толығымен атсалысып, аса жауапкершілікпен қараған  мектебіміздің  Халықаралық  Бакалавриат бөлімі оқушыларының қол жеткізген зор жетістігі болып табылады.

2022 жылдың 11 маусым күні  Haileybury Astana мектебінде  жыл сайын болатын  TEDxYouth@HaileyburyAstana конференциясы екінші рет өткізілді. Биылғы конференция   "Бірегейлік" тақырыбына арналды. Шақырылған спикерлер мен қонақтарға   бірегейлік концепциясын зерттеу  ұсынылды.

Білім беру бағытындағы маңызды конференцияны ұйымдастыру Халықаралық Бакалавриат бөлімі оқушыларының біліктіліктері мен шеберліктерін паш еткен айтулы іс-шара болды.  Екінші  жыл қатарынан  Haileybury Astana мектебінің Халықаралық Бакалавриат  бөлімі оқушылары конференция тақырыбын таңдауға, спикерлер мен қонақтарды шақыруға, баяндамашылардың сөз сөйлеулерін жоспарлауға  жауапты болып отыр. Өздерінің жауапты емтихандарының жақын қалғанына қарамастан,  12-ші және 13-ші сынып оқушылары мектепішілік ауқымды іс-шараны жоғары деңгейде өткізу үшін  ауызбіршілік таныта отырып, бірлесе әрекет етті.

Айнұр Бекеноваға, Амер Асфурға, Бауыржан Сагиевке, Дәулет Мұхановқа, Кэти Личке, Мадина Сыпатаеваға, Санжар Базылжановқа және  София Темирхановаға айтулы іс-шараны өз деңгейінде өткізуге қатысты керемет ойларымен бөліскендері  үшін рақмет айтамыз.

Haileybury Astana мектебі TEDxYouth конференциясын өзінің жауапты да дарынды оқушыларынсыз өткізе алмаған болар еді. Әсіресе,  Айгерімге, Роландқа, Көркем-Айға, Анаға, Наираға және Іңкәрге осындай тамаша мүмкіндік ұсынғандары үшін алғысымыз шексіз!

TEDXYOUTH@HAILEYBURYASTANA

YouTube арнасындағы Haileybury Astana TEDx Talks конференциясы

Айтулы іс-шараны ұйымдастыруға Халықаралық бакалавриат (IB) дипломдық бағдарламасының оқушылары - Әйгерім, Роланд, Іңкәр, Әния, Көркем-Ай және Найра жауапты болды. Халықаралық бакалавриат дипломы бағдарламасы оқушыларды жоғары оқу орнында табысты болуға және одан тыс өмірге дайындайтын қызықты және академиялық тұрғыдан күрделі оқу курсы болып табылады.
Haileybury Astana TEDxYouth@HaileyburyAstana сияқты шығармашылық және басқа да инновациялық әрекеттерді қоса алғанда, мектептен тыс кең бағдарламалар ауқымын ұсынады. Біз оқушыларға өз жобаларын жасауға көмектесетін Haileybury Astana мектебі ұстаздарының тәжірибесіне жүгіне алатындығымызды мақтан тұтамыз.
туралы көбірек біліңіз TEDXYOUTH@HAILEYBURYASTANA
YouTube арнасындағы Haileybury Astana TEDx Talks конференциясы
Жаңалықтар
15.03.2023
HASTMUN 2023
HASTMUN 2023 - бұл Біріккен Ұлттар Ұйымының студенттік модел (MUN) конференциясы. Онда жастар жаһандық мәселелерді талқылау үшін жиналады. Биыл студенттер "Әділетсіздікті неғұрлым әділ болашақ үшін жұмсарту" атты тақырыпты өздері таңдады.
14.03.2023
"KNAMM" өнер көрмесі
9 наурызда Haileybury Astana Art факультеті 13 сынып, IB студенттері ұйымдастырған "KNAMM" көрмесінің есігін ашты. "КНАММ" сөзі орыс тілінен аударғанда "бізге кел" дегенді білдіреді және де көрмені ұйымдастырған студенттердің есімдерінің аббревиатурасы: Камилла, Наира, Анар, Мерей және Мария.
09.03.2023
The Peer Education Project
Peer Education Project (PEP) - бұл барлық британдық және халықаралық мектептерге арналған ментал денсаулықты қолдайтын бағдарлама. Қазақстанда Haileybury Astana мектебі бағдарламаны білім беру жүйесіне енгізген алғашқы мектеп.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат